Bitcoin-2018: $50 мың - бұл шегі ме?

2017 жылы ең танымал криптовалюта атанған биткойн бағасы бірнеше рет шарықтап, тарихи өсім көрсетіп, $20 мыңға жетіп жығылған еді

Фото: pixabay.com

Алайда РИА Новости  сауалнамасына қатысқан сарапшылар  бұл шекті баға емес,  2018 жылы оның бағасы $50 мыңға  дейін жетуі әбден мүмкін деген сенімде.

Биткойн құны 2017 жылдың басында  $926,3  мыңнан басталып, небары  бір жыл ішінде 47 есеге өсті. Сонымен бірге, оның құны қарқынмен артып қана қоймай, кейде тәулігіне $5 мыңға  дейін төмендеген сәттерімен ерекшеленді.  Оның ең төменгі бағасы 2017 жылы кем дегенде $738,7 мың, ал шекті бағасы $20 мыңға дейін жетті.

Нарық қатысушыларының болжамы бойынша 2018 жылы криптовалюта көптеген жерде кеңінен қолданысқа беріліп,  бірқатар елдер  оны ресми түрде бекітуі мүмкін. Яғни, биткойнға жаңа фьчюрстер мен опциондар немесе өзге өндірістік құралдар енгізілетін болады.  

  «Менің ойымша 2018 жыл криптовалютмен бірге бүкіл криптоиндустрия үшін серпінді болуы ықтимал. Мәселен 2017 жылы биткойн үшін «рекорд жылы» болды. Ол жыл басында $9 мыңнан  бастап, кейбір қысқа мерзімді түзетулермен бірге  1000%  дейін өсті, - ИК "Прайм Капитал" вице-президенті Светлана Иванова 2018 жылы биткойн құны ерекше қарқынмен өсіп, $50 мыңға  дейін жетеді деген ойда.   

Бұндай болжамды, яғни $50 мың көрсеткішіне  қатысты Brave New Coin  ресурсының техникалық сарапшысы Джош Олшевич және Ресейлік Waves Platform баспасөз- хатшысы  Глеб Костарев та жасап отыр. Алайла соңғысының ойынша 2017 жылы криптовалюта 20 есе өсті, ал 2018 жылы ондай динамканың  қайталануы екі талай. 

Ал Ресейлік криптовалюта және блокчейн қауымдастығының президенті  (RACIB) Юрий Пропачкинның болжамы бұдан өзгерек, оның ойынша  биткойн  құны келесі жылы 3-5 есеге өседі, тіпті бұл көрсеткіш жақын арада $100 мыңға дейін жетеді. 

«Алпари» компаниясы сараптама  департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова жан-жақты пікір ұстанады. Себебі биткойнға қатысты сарапшылар пікірі екіге жарылады. Мәселен, бірі электронды валюта  ағымдағы жылы $60 мыңға жетеді деген тұспал айтса, енді бірі керісінше биткойн үшін 2018 жылы құлдырау болады, ал 2019 жылы оның бағасы $1 мыңға  дейін түсіп кетеді деген түйін жасап отыр. Дегенмен ол оптимистердің ойына жақын пікір ұстанады,айтуынша  2018 жылы биткойн қолданыста бола береді, бірақ өсімі баяулайды, тіпті жағдай керісінше сипат алуы әбден мүмкін.

CryptoLife инвестициялық қорының инвестиция жөніндегі директоры Мансур Гусейнов те осылайша сақтықпен болжам жасады. Оның ойынша өсім әлеуеті $35-50 мың  болуы мүмкін, ал төмендеу $10 мыңға дейінгі төңіректе болады, бірақ $4,5 мыңнан  төмен емес.  

Оның айтуынша криптовалюта құны жаңа технологиялардың кеңінен енгізіліп жатқанына байланысты өседі, мәселен оған «сандық алтын» мәртебесін нығайтумен айналысатын Lightning Network, институционалды инвесторлардың келуі, бөлшектік инвесторлық базаның артуы, криптовалютаның әлемдік деңгейде мойындалып жатқаны және биткойн мен  блокчейнді дамытуға қатысты қолға алынып жатқан шаралар әсер етуі мүмкін.   

Сонымен қатар криптовалюта бағасының төмендеуіне ірі биржалардың құлдырауы, оларға жасалып жатқан хаккерлік шабуалдарға байланысты  және «майнерлердің» ықалы  бар Bitcoin Cash, қазіргі заманғы altkoinov сынды Etherium тарапынан жасалып жатқан түрлі қысымдар ықпал  етуі мүмкін. Жүйелердегі кейбір объективті жағдайлар, транзакциялар жылдамдығының шектеулері, желідегі құны жоғары комиссия, оларды дамытуға  қатысты ортақ консенсустың жоқтығы қосымша себеп болуы ықтимал.  

Иванованың ойынша 2018 жылы криптовалюта көптеген жерде қолданыста бола береді, бұл ірі сауда желілерімен танылған жағдайда жүзеге асады деген сенімде.

- Егер бөлшектік  алпауыттар криптовалюталарды қабылдай бастаса,оның өсіміне ештеңе кедергі бола алмайды. Менің ойымша  2018 жылы биткойн үшін бетбұрысқа толы болады және тәуекелі жоғары компаниялармен құбылмалы инвесторлар оның есебінен рекордтық пайдаға кенелуі мүмкін, - дейді ол.

Blockchain.ru компаниялар тобының негізін қалаушы Дмитрий Мацук өз кезегінде 2018 жылы криптовалютаның реттеу саласында оң өзгерістер болады деген ойда. Пікірінше бұл Ресейде де, әлемде де күтіліп отыр.  

Оның ойын VRT World жобасының негізін қалаушы Константин Негачев та қолдады.Сарапшының пікірінше  тіпті биткойн фьючерсі саудаға шығарылғанның  өзінде құқықтық реттеулерде көптеген алшақтықтар бар. Егер бұл салаға көптеген ірі ойыншылардың кіріп жатқанын ескерсек, құқықтық базаны қалыптасыру керек және ол көптеген елдерге қажет, бұл ең алдымен өз салымдарына кепілдік алатын ннвесторларға, олардың мүддесін қорғау үшін  керек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2618 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
23 мая родились
Именинников сегодня нет
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить