Банктер мен қаржыгерлер қауымдастығы төлем карталары мен онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Соңғы уақытта Қазақстанда төлем карталарын ұстаушыларды алдаумен айналысатын алаяқтық топтар пайда болды. Жеке мәліметтерді, төлем карталарының реквизиттерін, телефон арқылы код пен құпиясөзді заңсыз жинауға байланысты оқиғалар көбейген. Алаяқтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып шот арқылы операциялар жүргізу үшін жеке мәліметтерді алуға тырысады

ФОТО: Depositphotos.com/ronstik

Алаяқтықтың көбеюіне байланысты ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығы (ҚҚҚ), сондай-ақ Altyn Bank, Bank RBK, ForteBank, Halyk Bank, Jýsan Bank, Kaspi.kz, Nurbank, Альфа-Банк Қазақстан, Банк ВТБ (Қазақстан), Евразиялық банк, Сбербанк Қазақстан, Хоум Кредит Банкі, ЦентрКредит Банкі келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  1. SMS-хабарлама арқылы келген кодты (құпиясөз) ешімге, сонымен қатар банк қызметкерімін деп хабарласқан тұлғаларға да айтпау.
  2. Операцияларға қажетті сенімді нөмір ретінде (банкомат арқылы да) бөтен нөмірді қоспау.
  3. Төлем карталарыңыздың реквизиттерін ешкімге айтпаңыз: нөмір, жарамдылық мерзімі мен  CVV/CVC (картаның артқы бөлігіндегі 3-таңбалы код). Сонымен қатар картаңыз туралы деректерді интернетте орналастырмаңыз және мессенджер арқылы жібермеңіз.
  4. Қоңырау күдікті көрінсе (тіпті банктің контакт-орталығның нөміріне ұқсас болса да) байланысты бірден үзіп, бұл туралы банктік төлем картасының артындағы телефон нөміріне хабарлау керек.

Үшінші тұлғаға карта реквизиттері мен SMS-кодтарды берген жағдайда ақшаңыз ұрлануы мүмкін.

«Карта ұдайы жетілдіріп отыратын, көптеген қорғаныс қабаты бар, қаражатты қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін қауіпсіз төлем құралы, – дейді ҚҚҚ қаржы технологияларын дамыту және инновация орталығының директоры Константин Пак, – Алайда ұмытпаңыз, банктің клиентті қорғауы клиенттің жеке мәліметтерін (жеке құпиясөз, код және т.б) қатаң сақтағанға дейін. Бұл туралы алаяқтар біледі, сондықтан олардың әрекеті карта ұстаушыларға тікелей бағытталған. Олар сенімге кіріп, төлем мен аударым жасау үшін картаның реквизиттері мен деректерін білуге тырысады. Сақтықты күшейтіңіздер және жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаңыздар. SMS-кодтар – сіздің ақшаңыздың кілті».

Қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы толығырақ қаржы ұйымдарының сайтындағы клиенттерге арналған нұсқаулықтан білуге болады.

Қаскүнемдер жиі қолданатын алаяқтық түрлері:

1. Банктің жалған қызметкері
2. Мүлік сату туралы хабарладыру
3. Сыйақы төленетін сауалнамаға қатысу
4. Жалған-брокер

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8210 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
6 декабря родились
Данияр Тиесов
заместитель председателя правления по переработке и маркетингу нефти АО НК «КазМунайГаз»
Нурлан Абдрасулов
управляющий директор по переработке, маркетингу и сбыту газа АО «НК «КазМунайГаз»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить