Банк жүйесіндегі депозиттер 10 айда 3 трлн теңгеге өсіп

6819

10 айдағы депозиттердің динамикасы туралы ҚҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесін

Жандос Шаймарданов
ФОТО: ҚҰБ баспасөз қызметі
Жандос Шаймарданов

Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы 10 айда 15,3%-ға немесе 2,916 трлн теңгеге өсіп, 21,938 трлн теңге болды, оның ішінде теңгелік салымдар 20,0%-ға немесе 2,160 трлн теңгеге өсіп, 12,980 трлн теңгеге жетті.

Валюталық салымдар мейлінше қалыпты қарқынмен – 9,2%-ға немесе 756,1 млрд теңгеге, осы жылғы қазанның соңындағы 8,957 трлн теңгеге дейін өсті. Валюталық депозиттерді бағамдық қайта бағалау жиынтық депозиттердің өсуіне (қазанның соңында өсудің 15,3%-нан немесе үштен бір бөлігінен астамы 5,4 п.т.) елеулі үлес қосып отыр.

Депозиттердің долларлануы жылдың басынан бастап 43,1%-дан осы жылғы қазандағы 40,8%-ға дейін, оның ішінде корпоративтік сектор депозиттерінің долларлануы 44,8%-дан 40,7%-ға дейін, бөлшек сектор бойынша 41,3%-дан 40,9%-ға дейін төмендеді.

Жандос Шаймарданов, ҚҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры 

Ұлттық банктің баспасөз қызметі

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube