Қазақстанда Tayyab алғашқы цифрлық Ислам картасы іске қосылды

6624

Картаның басты айырмашылығы-Шариғат нормаларына сәйкес келетіндігінде болып табылады

Клиенттердің карталары бойынша қалдықтар пайыздық кіріс алу үшін пайдаланылмайды, сондай-ақ оларға пайыздар есептелмейді. Исламдық қаржы қағидаларына сәйкестікті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Shariyah Review Bureau (Сауд Арабиясы) халықаралық Шариғат кеңесі растады.

Картаны бір минут ішінде apple store немесе play market-те Tayyab мобильді қосымшасын орнату арқылы шығаруға болады. Бірден Apple pay және Samsung pay әмияндарын пайдаланып, бүкіл әлем бойынша жедел аударымдар мен жанасусыз төлемдер жасауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда Visa пластикалық картасына тапсырыс беруге болады. Ақшаны төрт валютада сақтауға болады-Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, Еуро, Ресей рублі, ал қолма-қол ақшаны әлемнің кез келген банкоматында алуға жарайды.

Карта Bank RBK және VISA төлем жүйесімен серіктестікте Tayyab алғашқы қазақстандық Ислам финтехімен іске қосылды. Tayyab институционалдық инвесторларының бірі-Dubai Fintech Ventures венчурлық қоры.

"Соңғы әлемдік трендтерге сәйкес келетін қаржы функцияларын пайдаланудың ыңғайлылығынан басқа, біз өз пайдаланушыларымызға исламдық өмір салты практикасы үшін ыңғайлы сервис ұсынамыз, мысалы тек tayyab қосымшасында ғана сізге ең жақын мешітті, намазхананы немесе халал кафені оңай табуға болады. Сонымен қатар қосымшада намаз уақыттары мен азан, Құбыла компасы, Зікір есептеуіші, Зекет калькуляторы және т.б. қолжетімді" - деп атап өтті CEO Tayyab Данияр Успанов.

Tayyab бірінші цифрлық Ислам картасының қосымша артықшылықтары оның казинода, сондай-ақ ойын және лотерея бизнесінің кез келген мекемелерінде, алкоголь және темекі өнімдерін сату жөніндегі мамандандырылған дүкендерде ақы төлеуге арналмағаны болып табылады, бұл ретте шектеу өнімдерді сату әмбебап дүкендерге қолданылмайды. Карта барлар мен түнгі клубтардың тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеуге арналмаған, бұл ретте шектеу мейрамханалар мен кафелерге қолданылмайды.

Жобаның іске қосылуы Құрбан айттың басты ислам мерекесіне орайластырылды, ол биыл шілде айының 20-сына тура келеді.

Tayyab қосымшасын жүктеп алып, картаны Android базасындағы смартфондарға арналған play market және iPhone-ға арналған apple store дүкендерінен шығаруға болады, ал қосымша ақпаратты www.tayyab.kz сайтынан таба аласыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить