Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ахуалы туралы
Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 22 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның ішінде 12-сі шетел қатысатын банк, оның ішінде 10 еншілес банк. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі деп хабарлайды.
Банк секторының активтері ағымдағы жылғы шілдеде 2,8%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызға 40,3 трлн теңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 7,2% немесе 2,7 трлн теңге). Активтердің өсуі клиенттер салымдарының 4,8%-ға немесе 1,3 трлн теңгеге және несие портфелінің 1,1%-ға немесе 240 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде орын алды.
Сарапшы: Алдағы 20 жылда Ұлттық қордағы қаражат бәрібір жұмсалады...
Қазақстан халқына кезекті жолдауында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлтт... →
Жоғары өтімді активтер 12,6 трлн теңгені немесе активтердің 31,3%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Экономикаға кредиттер 2022 жылғы шілдеде 1,6%-ға өсіп, 20,4 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі 2022 жылдың басынан бері 10,1%-ды немесе 1,9 трлн теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы шілдеде 2,1%-ға, 18,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 3,7%- ға, 1,7 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Салалар бойынша бөлгенде кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,2%), саудаға (21,3%), құрылысқа (7,5%) және көлікке (5,8%)тиесілі.
Заңды тұлғаларға кредиттер 8,0 трлн теңгені құрап, 2022 жылғы шілдеде 1,2%-ға төмендеді. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері осы көрсеткіштің өсуі 2,9%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 1,8%-ға өсті).
Корпоративтік кредиттеу сегментіндегі белсенділіктің төмендеуіне осы сегментте дәстүрлі түрде жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктердің кредиттік қызметін тоқтата тұру, сондай-ақ инфляцияның өсуі салдарынан ақша-кредит шарттарының қатаңдауы әсер етті.
ҚҚҚ: Ипотека нарығы мемлекеттік бюджетке тәуелді
Отандық қаржыгерлер қауымының мәліметінше, биылғы жеті айда республика бойы... →
Бұл ретте ірі бизнеске қарыздар 2022 жылдың басынан бері 8,9%-ға 4,0 трлн теңгеге дейін, ШОБ (ДК қоса алғанда) қарыздары 3,6%-ға 5,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Жеке тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы шілдеде 3,4%-ға ұлғайып, 12,4 трлн теңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері 15,3%-ға өсті).
Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуі жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,3%-ға 4,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 3,9%-ға 6,9 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болды.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторы бойынша NPL қарыздарының деңгейі 0,5 п.т. немесе 58 млрд теңгеге ұлғайып, 828 млрд теңгені немесе жалпы несие портфелінің 3,8%-ын құрады. (2022 жылғы 1 қаңтарда - 3,3% немесе 669 млрд теңге).
Заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,1%-ды немесе 396 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде - 3,7%-ды немесе 432 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу 72,1%-ды құрайды.
Банктердің меншікті капиталы ағымдағы жылғы шілдеде 7,2%-ға 5,65 трлн теңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 17,6%-ды, меншікті капитал (к2) - 21%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
Қандай жағдайда дара кәсіпкерлікті немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп таратуға болады
Мемлекеттік кірістер органдары жыл сайын салық төлеушілерді олардың жеке қа... →
Банк секторының міндеттемелері 2022 жылғы шілдеде клиенттердің салымдарын 4,8%-ға 27,7 трлн теңгеге дейін ұлғайту нәтижесінде 2,2%-ға 35,5 трлн теңгеге дейін өсті (міндеттемелер құрылымындағы үлесі 78,1%). Ағымдағы жылдың басынан бері банктердің міндеттемелері 7,2%-ға өсті.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2022 жылғы шілдеде 3,3%-ға 28,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері өсім - 3,5%). Заңды тұлғалардың депозиттері 4,8%-ға, 14,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 1,7%-ға, 13,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы шілдеде 3,1%-ға 18,1 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер - 3,5%-ға 9,9 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша долларлану деңгейі 2022 жылдың басындағы 36,0%-бен салыстырғанда 35,4%-ды құрады.
Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы шілдеде 12,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,8% (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook