Ақышев ЭксимБанк, Астана Банкі және Qazaq Banki туралы айтып берді

6091

Ағымдағы жылы үш банк – ЭксимБанк, Астана Банкі және Qazaq Banki-нің клиенттері алдындағы міндеттемелерін уақытында орындамауына байланысты жаңа депозиттер қабылдау, үш ай мерзімге жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бойынша лицензиялары тоқтатылды

Данияр Ақышев
Фото: Мария Гордеева
Данияр Ақышев

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

Ол қазіргі кезде ЭксимБанктің, Qazaq Banki мен Астана банкінің өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуде тығырыққа тіреліп отырғандығын және үш банкте де клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындау шектеулі екендігін айтып өтті.

- Аталған банктердің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауы үшін жеткілікті ақша қаражатын түрлендірмеген несие портфелдерінің нашар сапасы олардың лицензияларын тоқтата тұруға және қайтарып алуға байланысты орын алған жағдайдың басты себебі болып табылады. Әдетте, проблемалы банктер жақсы кредиттер бермейді. Олардың несие портфельдерінің өсуінен капитал қоры күшеймейді. Олардың тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару стандарттарын жоғары деп те айта алмаймыз, ал несие портфелінің сапасы барынша төмен күйінде қалып отыр, - деп түсіндірді Ақышев

- Біз ЭксимБанктің, Qazaq Banki мен Астана банкінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіп, банктердің менеджментімен және акционерлерімен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді Ақышев.

Сөз соңында ол Қазақстан ұлттық банкінің депозиттерді қабылдауға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатынын еске салды.

- Жеке тұлғалардың салымдары, ақшасы мен төлем карточкалары және банк шоттары 10 млн теңгеге дейінгі сомада депозиттерге кепілдік беру жүйесімен қорғалған, - деді Ақышев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить