Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қалай алуға болады?

15909

Қазақстандық нарықта лизинг қызметі дами түсті. Бүгінгі таңда елімізде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын несиелендірудің осы түрі кеңінен тарала бастады. Айталық, 2000 жылдан бастап 2018 жылға дейін лизингке 43 мың бірлік техника берілді. Фермерлер сол арқылы шамамен 10 млн га егістік жерлерді өңдейді

Қазіргі таңда Қазақстанға бүкіл ауыл шаруашылығы машиналарының жартысынан көбі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында әкелінген.

Аталған компания еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне сапалы әрі бәсекелі лизингтік қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы лизингі нарығында 90% -ға ие.

Құрылым сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландырумен де айналысады. "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма Төрағасы Қаныш Ізбастиннің айтуынша, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша компанияның несие қоржыны бүгінгі күні 244,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 141,7 млрд теңге сомасындағы қаражаттың басым бөлігі фермерлердің машина-трактор паркін жаңартуға жұмсалды.  Бұл 23 мың бірлік техниканы құрайды. Ал 96,5 млрд теңге инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталды.

Айта кету керек, АӨК-ні инвестициялауды компания негізінен бюджеттен тыс қаражат арқылы жүзеге асырады. Жұмсалған мемлекеттік қаражаттың үлесі 743,6 млрд теңге жалпы соманың 30 пайызын ғана құрайды.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін" ҚазАгроҚаржы"  компаниясында арнайы бағдарламалар жұмыс істейді. Мысалға, техника алуға қаржыландыруды неғұрлым тиімді шарттармен алуға болады. Мәселен, өткен күзде іске қосылған "Экспресс-лизинг" өсімдік шаруашылығы өкілдері үшін осы қызметтің процестерін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Мәселен, өткен күзде іске қосылған "Экспресс-лизинг" өсімдік шаруашылығы өкілдері үшін осы қызметтің процестерін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Бағдарламаның ерекшелігі сол,  100 млн теңгеден аспайтын сомадағы өтінімді 7 жұмыс күні ішінде қарауға болады.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен табысты растау, кепілмен қамтамасыз етуді ұсыну және барынша қысқа мерзімде қосымша комиссиялар төлеу талап етілмейді. Сонымен қатар, клиентке қаржылық есепті көрсету қажет емес. Тіпті,  бизнес-жоспар, банктер мен салықтар алдындағы берешек анықтама да қажет етілмейді.  Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімі-10 жыл. Аванстық төлем сомасы 25% құрайды.

Бағдарлама шеңберінде сондай-ақ 10% мөлшеріндегі сыйақы ставкасын субсидиялау және инвестициялық субсидиялар алу жолымен техниканы сатып алуға арналған шығыстардың бір бөлігін өтеу түрінде мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.

Компания үшін клиенттерге деген сенім ерекше. "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма Төрағасы Қаныш Ізбастин атап өткендей, бұрын қаржыландырылған адал қарыз алушыларға  артықшылықтар бар.  Оларға жеңілдетілген тәсіл қолданылады. Бұл шарт өтілі көп фермерлер арасында компания қызметтерінің қажеттілігін арттыруға ықпал етеді.

"ҚазАгроҚаржының" барлық бағдарламалары Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында  техникаларды ұсынуды жеделдетуге бағытталған. Айта кету керек, шаруа қандай да бір арнайы машинаны алуға өтінім бере отырып, одан бас тарта алады. Мысалы, техника бірліктерінің саны фермердің жер учаскесінде жұмыс істеу үшін нақты қажеттіліктерге сәйкес келуі тиіс. Өндірушілер арасында техниканы ұтымды бөлу компанияның маңызды міндеті болып табылады.

Клиенттер үшін тағы бір шарт ұтымды болып оты.  Шаруа астық жинағаннан кейін негізгі қарыз бойынша міндеттемелерді жылына бір рет өтей алады. Ал сыйақыны тоқсан сайын төлей алады. Сонымен қатар, төлемдер бойынша жеңілдік кезеңін алу мүмкіндігі беріледі.

Ең бастысы, техниканы лизингке фермерлер келешекте сатып алу арқылы алады. Бұл агроөнеркәсіп саласында кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін тұрақты да, пайдалы құрал болмақ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить