АҚШ ФРЖ риторикасы мен оның әлемдік қаржы нарықтарына әсері

6946

Әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының жаһандық деңгейде күрт нығаюының теңгеге қалай әсер еткенін Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк түсіндіріп берді

ФОТО: nationalbank.kz

Теңге нығайғаннан кейін аптаның басынан бастап бағам 425,64-ке дейін қайта әлсіреді. Мұндай ауытқуға не түрткі болды?

Шынында да, теңге бағамының оң серпіні бүгін тоқтап, сауда-саттық 426,67-ге (немесе алдыңғы жабудың 0,24%-ы) дейін әлсірей отырып ашылды.

Инфляцияның жеделдеуіне байланысты жаһандық нарықтар әлемдік орталық банктердің монетарлық жағдайларды күшейту тұрғысындағы риторикасын мұқият қадағалап отыр. Бұған АҚШ ФРЖ-ның өткен отырысы дәлел бола алады.

Бүгін түнде АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлеменің нысаналы ауқымын 0-0,25% дәлізінде сақтап қалды, бұл ретте 2021 жылға арналған инфляция болжамын 2,4%-дан 3,4%-ға дейін көтерді. Отырыстың нәтижесі бойынша, Ашық нарықтар жөніндегі комитеттің он сегіз өкілінің он үші 2023 жылы негізгі мөлшерлеменің артуын күтсе, 7 өкіл мөлшерлеменің алғаш рет көтерілуі 2022 жылдан басталатынын болжайды. Нәтижесінде, негізгі мөлшерлеме болжамдарының медианасы 2023 жылдың соңында 0,12%-дан 0,63%-ға дейін өсетін болып қалыптасты. Сонымен қоса, активтерді сатып алу бағдарламасын кезең-кезеңмен тоқтатуды бейресми түрде талқылау басталды.

Инфляция болжамдарын қайта қарау және ФРЖ мөлшерлемесінің жоғарылауын күту аясында АҚШ долларының дамыған елдер валюталарының қоржынына шаққандағы индексі (DXY) бір күнде 1%-ға нығайды. АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір күнде шамамен 10 б.т. өсті, бұл да АҚШ долларының нығаюына қолдау көрсетеді.

АҚШ ФРЖ риторикасын күшейту жағына өзгертуі дамушы нарықтардың барлық валютасы үшін тәуекел факторы болып табылады. АҚШ-тың қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі доллардың жаһандық бағамының нығаюына ықпал етеді. АҚШ ФРЖ Ашық нарықтар жөніндегі комитеттің отырысынан кейін экономикасы дамып келе жатқан елдердің 20-дан астамының валютасы әлсіреді. Мысалы, 15-16 маусым аралығында Оңтүстік Африка ранды 1,9%-ға, Мексика песосы 1,8%-ға, түрік лирасы мен Ресей рублі 0,6%-ға әлсіреді.

Ресей рублінің серпіні 16 маусымда өте құбылмалы болды. Женевадағы АҚШ пен Ресей президенттері арасындағы алғашқы келіссөзден кейін рубль қысқа уақыт ішінде 71,63 деңгейіне дейін нығайды, өйткені инвесторлар елшілерді Мәскеу мен Вашингтонға қайтару туралы уағдаластықты оң бағалады. Кейіннен рубль бағамы бір доллар үшін 72,65 жетіп әлсіреді.
Дамушы елдердің валюталары жалпы әлсіреу үрдісімен қоса мұнай бағасының төмендеуі де теңге үшін теріс фактор болды.

Мұнай баррелінің құны 2019 жылдан бастап 16 маусымда 74,9 долларға дейін өсті. Алайда, 17 маусымдағы таңғы жағдай бойынша, 73,9 долларға дейін 0,7%-ға төмендеді. АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы да мұнайға қысым көрсетіп отыр. Мұнай бағасының төмендеуі 2020 жылғы наурыздағы деңгейге жеткен қорлардың төмендеуі туралы деректермен тоқтатылды. Калифорнияда шектеулерді жеңілдету, вирусты жұқтырудың жаңа жағдайларын төмендету және халық жұмылдырудың өсуі қорларға әсер етті.

17 маусымдағы түзетуге қарамастан, теңге үшін үрдіс оң болып қалды. Апта басынан бері теңге 0,48 теңгеге (бір доллар үшін 427,15-тен 426,67-ге дейін) нығайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить