Агро өнеркәсіп кешеніндегі лизинг: "Заманауи техникасыз өнімділікке жету қиын"...

9574

"ҚазАгроҚаржы" компаниясы АӨК лизинг нарығында 90% ие. Мұндай қаржыландыру әдісі ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңаруына және шаруалардың дәстүрлі жұмысқа деген көзқарасын жаңғыртуға тың серпін береді

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Ізбастин лизингтің қазақстандық фермерлер арасында неге танымал болғанын, ал мемлекет жаңа техниканы қолжетімді ету үшін қандай шаралар қолданатынын айтып берді.

Қаныш Теміртайұлы, "ҚазАгроҚаржы"АҚ компаниясының алдында қандай міндет тұр?

- Біздің компания көпбейінді компания болып табылады. Ол агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына кредит береді және несиелендірудің түрлі құралдарын – лизинг пен займдарды да пайдаланады.

Қазір біз ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне назар аударудамыз. Біз бұл бағытты арнайы таңдадық. Себебі, бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін қажет.  

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі арқылы несиелеу-бұл еңбек өнімділігін арттырудың ең қарапайым, әрі тиімді нұсқасы. Мысалы, комбайн, бұл техника шаруашылық көлемін арттырады. Егер көпфункционалды және қымбат комбайн болса, онда бұл өнімділікті арттыруға әсер етеді.

Лизинг кредит беру әдісі ретінде клиенттер үшін өте қолайлы. Ал компания үшін бұл деректердің оңай цифрландырылуына ыңғайлы. 

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі қазақстандық фермерлер арасында қаншалықты кең таралды?

-2018 жылдың толық және осы жылдың жартысы үшін лизинг клиенттер арасында танымал қызмет болды.

Статистикалық деректер,  саланың қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл қымбат және арзан техникаға да қатысты және маусымға байланысты емес. Ол көктемгі егіс, маусымаралық және егін жинау жұмыстары аясында қолданылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 2017 жылмен салыстырғанда лизинг көлемі ақшалай 56%, ал сандық көлемде 42% өсті.

Өткен жылы біз компаниямыз үшін рекорд жасадық: соңғы бес жылда фермерлерге 63 млрд.теңгеге жуық сомаға 3 426 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілді.

- Айтарлықтай өсім немен негізделді?

- Дамуға әсер еткен екі фактор бар.

 Біріншісі-фермерлердің техниканы жаңарту қажеттілігін түсінуі. АӨК өкілдері техниканы жаңарту қажеттігін түсінеді.  Қазіргі заманғы техникасыз табысқа тікелей әсер ететін өнімділікке жету қиын.

Екінші фактор-бұл субсидиялау мәселесін шешетін ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары.

Мемлекет фермерлер үшін қолайлы жағдай жасап, техниканы қолжетімді ете алды. Мысалы, мемлекет аванс инвестициялық салымдардың төрттен бір бөлігіне тең көлемде субсидиялайды. Ал сыйақы ставкасы 10% мөлшерінде қаржыландырылады.

Компания жұмысының принциптерін қалай сипаттай аласыз?

- Бізде нарықтық тәсіл басым – бәрі клиентке байланысты. Фермер өзіне қандай техниканың қашан қажет болатынын өзі шешеді.  Ал біз оны алу үшін түрлі жолдарын ұсынамыз.

Біз тек қана ірі шаруашылықтарға бағдарланбаймыз. Тек өткен жылы ғана компания 3400-ден астам бірлік берді. Олардың басым көпшілігі шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға пайдалануға берілді.

Клиенттер үшін лизингтің қандай бағдарламалары ұсынылған?

- Бағдарламалар арасында клиенттер санаты бойынша айырмашылықтар бар. Бұрын қаржыландырылған фермерлер біз ерекше шарттар береміз. Біз олардың кәсібилігін, жұмысқа жауапты көзқарасын жақсы білеміз. Олар үшін бізде жеңілдетілген тәсіл бар. 

Сондай-ақ, бізде "Экспресс-лизинг"бағдарламасы бар. Ол лизингтің аса күрделі емес, үлкен сұранысқа ие арзан техниканың оңайлатылған схемасына бағытталған.

Сондай-ақ бізде "егін", "жем" деп аталатын бағдарламаларымыз бар. Бұған қайталама лизинг қызметтерін ұсынамыз.

Бағдарлама бойынша біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты-техника алу процесін жеделдету.

Біз ауыл шаруашылығы – дәстүрлі бизнес екенін түсінеміз. Барлығы жұмыстың басы мен аяғын жақсы біледі. Десе де түрлі проблемалық жағдай әр маусымда қайталанады.  Мәселелердің ерекшелігіне байланысты фермерлер бізге соңғы күні жүгінеді.

Осыған байланысты біз жыл сайын өзімізді жетілдіріп отырамыз.  Біз алдымызға техникаға қол жеткізудің барынша жеңілдетілген және жеделдетілген нысанын жасау міндетін қоямыз. Барлық бағдарламалар дәл осы үшін есептелген.

Сіз компанияның 2018 жылғы лизинг саласындағы жетістіктерін атап өттіңіз. Экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

– Егер қаржы тұрғысынан өсу туралы айтатын болсақ, онда біздің алдымызға ұсынған барлық жоспарлар мен міндеттерді, асыра орындадық.

Бірақ біз басқа фактіге көп көңіл бөлеміз. Ең басты жетістік тек біз үшін ғана емес, бүкіл сала үшін де – машина жасау паркін жаңартуды жеделдетуіміз қажет. Берілген ауыл шаруашылығы техникасының саны мен құны бойынша жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындау Қазақстандағы барлық машина-трактор паркін жаңарту деңгейіне оң әсерін тигізді.

Бұл фактор салаға ұзақ мерзімді перспективада әсер ететін болады. Себебі, фермерлер техниканы бір жылдан артық пайдаланады және атқарылған жұмыстың нәтижесін көреді.

Фермерлер "ҚазАгроҚаржы"АҚ қызметіне қалай жүгіне алады?

- Біздің компания Қазақстанның барлық аймақтарында ұсынылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен кәсіби айналысатын фермерлер кім екенін, немен айналысатынымызды және қайда тұратынымызды біледі.

Егер шаруалардың белгілі бір аграрлық жабдыққа деген қажеттілігі болса, онда ол техниканың қажетті үлгісін таңдайды. Біз жұмысты бастаймыз.

Алайда, бізде техниканың қол жетімділігінің белгілі бір нормативтері бар екенін атап өткім келеді. Олар іске кәсіби көзқарасты білдіреді. Мысалы, біз шағын алаңға комбайндардың көп санын бере алмаймыз-олар сонда да жоқ.

Біздің тәжірибемізде "ҚазАгроҚаржы" АҚ белгілі бір модель ұсынады. Көбінесе біз фермерге қажетті жабдықтардың қажеттілігі мен саны туралы кеңес бере аламыз. Ал алаң көлемін, фермердің қаржылық мүмкіндіктерін, оның қандай да бір техниканы пайдалануға дайындығын талдай отырып біз барлық фермерлер үшін ашық және барлық сұраныстарды қарастыруға дайынбыз.

Қаныш Теміртайұлы, биылғы жылы компания қандай стратегиялық бағытты ұстанатын болады?

- 2019 жылға біздің алдымызда ең кем дегенде, өткен жылғы жұмыс қарқынын сақтау міндеті тұр. Мақсат - 2018 жылдың нәтижелерінен асып түсу.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге АӨК субъектілерін несиелеу аясында біз өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштердің оң серпіні мен басымдылығын атап өттік.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить