Welcome to AIFC: Астанада халықаралық қаржы орталығының ашылу рәсімі өтті

«Astana EXPO– 2017» кешеніндегі арнайы экономикалық аймақ қалай құрылды, Дубай моделі бойынша жұмыс істейтін орталықтың болашағы қандай

Фото: Серикжан Ковланбаев

Азия мен Еуропа, Батыс пен Шығыс арасындағы орталықты құру идеясы қалай жүзеге асты, оның қандай артықшылықтары бар, онда неліктен ағылшын құқы енгізілді, әлем тәжірибесі қандай? Forbes.kz қаржы орталығының миссиясы мен міндеттері, Қазақстан мен Еуразия нарығындағы орны туралы және инвестициялық мүмкіндігіне қатысты шолу дайындады.

Қалай басталды

 «Астана» халықаралық қаржы орталығын (AIFC) құру идеясы алғаш 2015 жылы «100 нақты қадам» бағдарламасында атап көрсетілген еді. Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бағыталған жобаны жүзеге асыру үшін Президент Жарлығы шықты, қаржы орталығын құру туралы арнайы заң қабылданды, оның құқықтық мәртебесі Конституцияда бекітілді. Себебі, халықаралық институт ұлттық заңнама бойынша емес, әлем елдеріндегі орталықтар сияқты тәуелсіз заң жүйесі бойынша, ағылшын құқық қағидаттары негізінде жұмыс істейтін болды және онда қатысатын инвесторлар құқын қорғайтын судьялар корпусы шет елдіктерден жасақталуы тиіс еді. Осыған орай әлем қаржы орталықтарының тәжірибесі зерттелді, нәтижесінде Біріккен Араб Әмірліктерінің моделі таңдалды.

«Халықаралық қаржы орталығын құру барысында біз Дубайдың тәжірибесін негізге алуымыз керек. Сол елдің инвестициялық резиденттік принципін енгізуіміз қажет, ал клиенттік қарым-қатынасты нормативті-құқықтық, келісім-шарттық реттеуге алмастыру керек. Мен Дубай шейхымен сөйлестім, ол жақта біздің делегация да болып қайтты. Енді біз алмасқан тәжірибеміздің арқасында бірге құрамыз. Біздің орталықта өз заңдылығымыз болады және бәрі шетелдік құқық бойынша жүргізіледі», - деп мәлімдеген болатын президент Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы өткен Үкімет отырысында.

Неге Дубай моделі

 Қазақстан неге Дубай (DIFC) тәжірибесін таңдады? Тек, шариғат заң жүйелерімен ерекшеленетін мемлекет аталған орталыққа ағылшын принципін енізу арқылы не ұтты, неге жетті? Бұл ең алдымен онда әлемдік деңгейдегі ірі банктердің, инвесторлардың, алпауыт компаниялардың келуіне ықпал етті. Аймақта америкалық Nasdag қор биржасы жұмыс істейді. Қатысушы компаниялар саны 1500 асты, экономикалық аймақ небары 10 жылдың ішінде 17 орынға тұрақтап, даму тарихы ондаған жылдарды құрайтын Нью-Йорк, Лондон, Гонконг және Сингапур елдеріндегі қаржы орталықтарымен деңгейлес болып үлгерді. Дубайдың жалпы ішкі өнімі 4% бастап 12% арты және 2024 жылға дейін бұл көрсеткіш 80% жетуі мүмкін.

AIFС міндеттері және инвестиция көлемі

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия аймағында өз қызметін ұсынатын болады. Онда капитал нарықтарын дамыту, активтерді басқару, дәулетті тұлғаларға жеке дара қызмет ұсыну, сараптаманы дамыту, исламдық қаржыландыру жүйесін дамыту, жасыл қаржы, қаржы технологиялары және тағы басқа қызмет түрлері ұсынылатын болады. Әлемге әйгілі Nasdag және Шанхай қор биржалары өз жұмысын бастауда. Жалпы, бұған дейін сарапшылар Астана қаржы орталығы алдағы жылдары $40 млрд дейін инвестиция тартады деген болжам айтқан болатын. Бұл өз кезегінде үлкен инвестициялық жобалармен бірге Қазақстанның, Астананың шағын және орта бизнесіне серпін бермек. Оның үстіне қатысушы компаниялар 50 жылға салықтан босатылатыны айтылды, олардың өздеріне және отбасыларына визалық жеңілдіктер жасалады, «бір терезе» жүйесі енгізілмек. Бұның бәрі әлем инвесторларының қызығушылығын тудыруы тиіс.

Судьялар кімдер, даулар қалай қаралады

 2017 жылдың желтоқсанында «Астана» халықаралық қаржы орталығының судьялары белгілі болды. Қазылар құрамында қаржы саласында тәжірибесі мол 9 ағылшын заңгері бар. Ал сот басшысы болып Англия және Уэлсь соттарының экс-басшысы Лорд Гарри Кэнэт Вульф тағайындалды. Халықаралық арбитражды орталық ашылды.

«АХҚО сотының құрамы менімен бірге 9 судья болады. Барлық қазылардың сот саласындағы тәжірибесі мол, беделдері жоғары және дәрежелері мінсіз. Судьялар саны екі инстанциядағы істерді қарауға және тиімді шешу үшін өте қолайлы болып табылады. Егер бастапқы инстанцияда іс бір судьяның қатысуымен қаралса, ал апелляциялық сотта олардың саны үшеуден кем болмайды. Ал егер судья істі алғашқы инстанцияда қараған болса екінші процеске қатыса алмайды. Яғни,осылайша бір іске төрт судьядан қатысатын болады. Оның үстіне судьялардың барлығы азаматтық, коммерциялық құқық және экономиканың өзге салалары бойынша жоғарғы санаттағы мамандар, бәрі де білікт»і, - деген болатын сот төрағасы 2017 жылы Астанаға келген сапарында.

Компанияларды тіркеу

2017 жылы халықаралық компаниялар мен инвесторларды тіркеу жұмыстары басталып кеткен болатын. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов бұған дейін, яғни 2017 жылы қатысушыларды тіркеумен айналысатын қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет құрылғанын және 2018 жылдың маусымында олардың саны 55 компанияға жеткенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша бұл деректер тіркеудің жоспардан артық орындалғанын көрсетеді, ал жыл аяғына дейін қатысушылар саны 100-ге жетуі тиіс екен. Ал жалпы 2019 жылы әлемнің әр түкпірінен 250, 2020 жылы 500 қатысушыға дейін тіркеу жоспарланған.

Ашылу рәсімі

Астана. 2018 жыл. 5-ші шілде. Экспо қалашығындағы конргесс- орталық. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми түрде арнайы гонг соғу арқылы ашып берді. Салтанатты шараға бірқатар мемлекетттерден мәртебелі меймандар, әлемдегі бизнес- элита және алғаш болып тіркелген 50 астам компанияның өкілдері қатысты. AIFC өз қызметін бастады.

«Ұзақ уақыт күткен сәттің туындауымен құттықтаймын және осыдан бастап біздің Халықаралық қаржы орталығымыз қызметіне кірісті. Осы жерде отырған барлық орталық қатысушыларына, уақытын бөліп келіп отырған қымбатты қонақтарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Біздің елімізге небәрі - 27 жыл. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт. Дегенмен, біздің халқымыз болашақ гүлдену жолында үлкен қадам жасады деп ойлаймын. «Астана» халықаралық қаржы орталығы да осы мақсатқа қызмет ететіндігіне үміт артамыз. Біз өз тарапымыздан орталықтың жұмысы барлығына қанағаттанушылық сыйлайтындай, бизнеске пайда әкелетіндей және Қазақстан одан мол пайда алатындай жасайтын боламыз», - деп мәлімдеді президент.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3215 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
21 ноября родились
Джамбулат Сарсенов
заместитель председателя Ассоциации Kazenergy
Раимбек Баталов
собственник и председатель совета директоров Raimbek Group
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить