Табысты трейдер: Думан Ерқанат Америка қор нарығының қыр-сырын қалай меңгерді

14292

Бұл туралы жас кәсіпкер, трейдер әрі инвестор Думан Ерқанат Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтады

Думан Ерқанат
Думан Ерқанат

Думан, Америкаға қай кезде аттандыңыз? Қай қалада тұрдыңыз, қайда білім алдыңыз? Оқу ақысы қандай болды?

- АҚШ-қа арман қуып барып, онда 8 жылдай тұрдым. Алғаш барғандағы мақсатым- сапалы білім алу болды. Себебі, білім – мәңгілік капитал. Білім – адамды асырайтын күш. Мен Колорадо штатының Денвер қаласында тұрдым. Ондағы оқу орындарын жан-жақты зерттедім. Нәтижесінде National American University-ға MBA-ға (Іскерлік басқару магистрі - авт.) құжат тапсырып, оқуға түстім. Дегенмен, АҚШ-та білім алу арзан емес. Өте қымбат. Алғаш 1 семестр үшін $5000-$8000 төлейтінмін. Онда барғанымда қалтамда небары $300 ғана болды. Америкалық отбасылар балаларының оқуына кішкентай кезінен бастап ақша жинайды. Біздегідей грант жоқ, көбі ақылы. Мен керісінше ата-анамнан мүлдем қаражат алмадым. Бәріне өз күшіммен жеткім келді. Бірақ, АҚШ-қа алғаш келген соң бірден сіңісіп кету қиын болды. Сол себепті оқуымның жарты жылын осында тұратын ағам төлеп берді. Ары қарай біраз жолға түсіп, оң-солды ажыратып алған соң, өзім жұмыс істеуге кірістім. Жарты күн оқысам, жарты күн университеттің кампусында істедім. Одан бөлек, ағамның онлайн бизнесіне көмектесіп жүрдім. Ағам көбіне ақшаны жай бере салмай, еңбекақы етіп бергенді құп көреді. Себебі, еңбекпен тапқан ақшаның берекесі болады. Оның әрбір тиынына дейін есептеп, орнымен жұмсайсыз. «Адамдға балық берме, қармақ бер» деген қағида өте дұрыс айтылған деп есептеймін. Осылайша 6 ай көлемінде әр жерде жұмыс жасап, еңбектеніп қайтарып бердім. Кейінірек біз тұратын Денвердегі компанияда менеджердің ассистенті болды. Бұл импорт, экспортпен айналысатын компания болды және бұл маған үлкен тәжірибе берді.

Ондағы міндетіңз қандай болды, еңбек қалай бағаланды?

- Америкада оқудың соңғы жылында жұмыс істеуге рұқсат береді. Мен соны  пайдаланып, бір жылдай істедім. Ол кезде Колорадо штатындағы ең төменгі ақы  сағатына $9,30 болды. Ал мен сағатына 19$ алдым. Шамамен айына $3000 айлық төленеді. Әрине, жаман емес еді, себебі инфляция 1% шамасында болған. Америка мені қатты тәрбиеледі. Менің істеген компаниям үлкен емес, алайда  айналымы үлкен. Америкада осы секілді 5-6 адамнан құралған шағын  технологиялық компаниялар бар.

Америкада акцияларға инвестиция салып, сауда-саттықпен айналысқан екенсіз.  Қандай биржалармен, қандай компаниялардың құнды қағздарымен жұмыс істедіңіз?

- Негізі бұл салаға кіргеніме 4-5 жылдай болып қалды. Әрине, басында үйренуге бар уақытымды бөлдім. Көптеген курстардан өттім, стратегияларға тест жасадым. Мен өзім Америкада топ болып саналатын сенімді екі брокерді қолданамын. Олар: TD Ameritrade, Interactive Brokers. Үлкен компаниялардың акцияларымен жұмыс істеймін. Мысалы Apple, Tesla, Amazon, Google, Facebook және т.б.

Уолл-стриттегі компанияның бірінде білім алыпсыз. Қор нарығына қатысты білімді осында меңгердіңіз бе? Бұл саланы меңгеру үшін қанша уақыт кетті?    

- Бұл үшін Нью-Йорктағы «SMB Capital» фирмасынан биржа саудасы жайлы білім алдым. Оған 3-6 ай кетті. Әр адамның үйрену қабілеті әр түрлі. Ал жалпы трейдер үнемі оқу үстінде болады. Себебі нарық өзгеріп тұрады. Биржалық сауда командалық жұмыс, бірақ олардың ішінде қазақтардың жоғын байқадым. Кейін әлеуметтік желі арқылы Денвердегі қазақтар қауымдастығы тарапынан қызығушылық пайда болды. Ұсыныстар түсті, көбі үйренгісі келді. Сол сәтте неге қазақша онлайн-курс ашпасқа  деген ой келді. Көп ұзамай  Қырғызстан, Америка, Мексикадан сабақ алам дейтіндер көбейді.  

Алғаш қанша қаражаттан бастадыңыз? Тәуекел басым болды ма, әлде табыс па? Кірісіңіз қаншалықты еселенді?

- Алғаш 3000$ бастадым. Әрине, тәуекел, қауіп-қатерлер болады. Сауда жасамайтын күндер де болады. Демек тәуекелсіз трэйдинг болуы мүмкін емес. Біз команадамен табысты күндерімізді максималды етіп, табыссыз күндерді минимумға апару үшін жұмыс істейміз. Мұнда жоғары деңгейдегі білімді болудың қажеті жоқ. Мұнда адамның психологиясы көбірек сыналады. Эмоциясын бақылап, бәріне тәртіппен қарайтын болса, табысты трейдер болуға мүмкіндік көп.Алғаш күніне $100-$200 тапсам (Америкада күніне кемі $150-$200 таппасаң шығындарды жабу қиын). Қазіргі уақыттағы позицияларымды $2000-$5000 жобасында жабамын. Әрине бұл жерде тәжірибе маңызды.

Америкада қор нарығының  қатты дамып кеткенін білеміз. Ал жергілікті тұрғындар бұл бағытта қаншалықты белсенді? Олар негзінен кімдер?

- Америкада бұл өте дамыған сала. Адамдардың 50-60% өз қаржыларын инвестициялайды, акциялары бар. Американың заманауи экономикасы акцияларға байланысты. Дүниежүзілік Tesla, Apple, Facebook, Amazon (қоғамдық компаниялар) сияқты компаниялар да акция арқылы іс жүргізеді және болашақта акция ең үлкен экономикалық салалардың бірі болады. Қалаған адам, қалаған уақытында инвестиция немесе трейдинг жасай алады. Қазақ жастары да осы нәрседен қалмауы керек. Интернет дамыған заманда қай жерде өмір сүретінің маңызды емес, ертерек қамдансақ, Қазақстан нарығына инвестиция енгізе  аламыз. Осылайша ірі компаниялардан пайдасын көруге болады. Қазір жастар акция, крипта салаларында белсенді.  Әсіресе карантин кезінде адамдардың қызығушылығы 30% өскен. Әлемдегі әйгілі компанилар да қор нарығы арқылы еңсе тіктеген, атын шығарған.

Қор нарығына қатысты кеңірек  мәлімет бере кетсеңіз. Америка биржаларындағы айлық немесе жылдық ақша айналымы қандай? Еуропа, Азия елдеріндегі қор биржаларының беталысы қаншалықты қарқынды? 

- Алғашқы қор биржасы 1600 жалдарды Амстердамда ашылған еді. АҚШ, Европада бұрыннан бар. Америкада Nasdaq, DowJones сияқты көптеген қор биржалары істейді. Американың экономикасы тікелей соларға байланысты. Тіпті АҚШ заңына сай  мемлекеттік қызметкерлерден зейнатақыға ұсталатын  ақшасының бір бөлігі  құнды қағазда сақталады. Ал Америка биржа нарығының айлық ақша капитализациясы $48 трлн. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш $15 трлн болған, яғни 200% өсімді байқап отырмыз. Тек бір ғана Apple капитализациясы $2,8 трлн, ал күніне $78 млн айналуда. Бұл экономикаға жақсы әсер беруде. Қазіргі уақытта крипвалюта, оның ішінде блокчейн технологиясы қарқынды дамуда. Оның айналымы $3 трлн-ды құрап отыр. Ал биткоинның 1 күндік айналымы $29 млрд. Әр елдің өзінің қор биржалары бар және ең ірілері Америка, Лондон, Гонгонг, Жапонияда.

Қазақстанның өз қор биржасы бар (KASE), оған қоса «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Бұл институттар елдегі капитал нарығын дамытуға қаншалықты үлес қосуда?

- Жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы қаржы орталығына (AIX) барып қайттым. Жасап жатқан жобалары керемет. Қазір мен олармен бірге коммерциялық емес бір жобаны бастадым және оған өз тарапымнан үлес қосуды жөн көрдім. 

Қазақстанда қаржы пирамидаларына үлкен ақша салып, ақырында алданып қалатындар көп. Бұған негізінен не себеп, қаржылық сауаттың төмендігі ме? Сол қаражатты неліктен биржаның акцияларына салмасқа? 

- Жалпы Қазақстанға келгініме 6-7 ай болып қалды. Иә, Қазақстанда өте көп қаржы пирамидалары бар. Елде қаржылық сауат төмен болған сайын, олар да көп бола береді. Әрине, көбі тез байып кеткісі келеді. Бірақ олай болмайды. Мысалы АҚШ экономикасы жылыны 10% өседі, ең бай деген  Уоррен Баффеттің өзі 22-23% табады деп айтады. Әлем байларының жылдық табысы шамамен осындай. Білімсіз, еңбексіз ақша көлемі өспейді және қаржы ешқашан жылдам көбеймейді. Ақшаңызды 2 еселеп берем дегендерге сенбеу керек.

Қазақстанға оралып, Алматыдан академия ашып, жастарды қаржылық сауаттылыққа оқытып жатыр екенсіз. Нәтижесі қандай, олар негізінен кімдер?

- Иә бізде  DK Trading атты академиямыз бар. Құдайға шүкір! Қазіргі уақытта бізде  6000  астам студент оқып шықты, олар әлемнің 16 елінен. Нәтижеміз жақсы. Шынымды айтсам алғашында бұл салаға осыншама сұраныс болады деп ойламадым. Студенттеріміздің арасынан  командамызға қосылып жатқандар бар. Жалпы шәкірттеріміз әртүрлі саланың өкілдері. Бірі медицина маманы, студент, үйде отырған ана және т.б. Ал жастары 18-50-60 аралығында. Әр бір адам үшін трейдер болу маңызды емес. Біз осылайша  болашағымызға, балдарымыздың келешегіне инвестиция жасауды үйренуіміз керек. Әсіресе қазақ жастарының қаржылық сауаты жоғары болуы тиіс. Бастысы бұл бағытта нәтиже бар. Байлық-білім арқылы келеді!

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить