«Астана» халықаралық қаржы орталығына әлем елдерінен 160 компания тіркеліп үлгерді

Инвесторларға қызмет көрсету тәртібі, қор биржасының көрсеткіші, финтех пен жасыл қаржыландырудың келешегі қандай?

Фото: архив пресс-службы

Бұл сауалдарға АХҚО-ның қазіргі  қызметімен танысқан Forbes.kz тілшісі жауап іздеді. 

«Expat Centre» қызметі

«Астана» халықаралық қаржы орталығы «Expat Centre» басшысының орынбасары Айнұр Жұматованың айтуынша  қатысушы компанияларға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіледі. Қазақстанға келген инвесторлар түрлі органдарға барып әуре болмайды, олардың  құжатын рәсімдеу  АХҚО кеңсесінде,  «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асады.  

Айнұр Жұматова
Фото: архив пресс-службы
Айнұр Жұматова

- Бізде  «Expat-Centre» қызмет етеді, оның  арнайы фронт- офисі бар.  Жұмысымыз «бір терезе» қағидиаты бойынша және ағылшын тілінде ұсынылады. Аталған  орталықта шетел азаматының елімізге келген кезінен бастап,  виза рәсімдеу, визаны ұзарту, санатын өзгерту, көші-қон құжаты,  салық органдарының, жеке сәйкестендіру нөмірі және  т.б  құжаттар осында беріледі. Сонымен қатар,  басқа да әлеуметтік мәселелерге қатысты, тұрғын үй, сақтандыру, білім беру бойынша  жәрдем береміз.  Барлық қажетті  құжат осында беріледі. Себебі, шетел азаматы үшін  өзге елде өз бетінше   құжат рәсімдеу  қиынға соғады. Біріншіден   тіл білмейді, содан кейін тиісті органдар әртүрлі  қашықтықта  орналасқан. Оларға бару, қатынау қиынға соғады. Оның үстіне олар қаланың инфрақұрылымын  білмейді.  Біздің орталық ашылғалы бері осындай  720 қызмет көрсетілді - дейді орталық өкілі.

Айнұр Жұматованың айтуынша қазіргі кезде орталықтың қызметіне  қызығушылық танытып отырғандар көп. Олардың қатарында Ресей, Украина, Беларусия, сонымен қатар, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бахрейн, Катар, БАӘ және тағы басқа елдердің  өкілдері бар.

-Жалпы 80 астам адам өздеріне қажетті құжаттарын алды. Сонымен қатар, «Expat Center»  қасында халыққа арналған үкімет қызметі орналасқан.  Оның мақсаты- электронды қызмет көрсету. Жалпы шет ел азаматтарына 500-ден  астам қызмет ұсынады. Call-center  орталығы қызмет  етеді, олар  бізге келмес бұрын, осы орталық арқылы қажетті  мәліметтерді   алады. Жұмыс көлемі күннен күнге артып келеді. Себебі, бұл орталық тек АХҚО ғана емес, Қазақстанға келетін барлық шет елдіктерге қызмет көрсетеді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет түрлерін арттыру үшін шет елдіктерге автокөлікті есепке қою, тіркеу, жүргізушінің куәлігін беру  қызметі де  ұсынылатын болады. Орталығымыздың қызметін дамытып, сапасын жоғарылату үшін, қысқасы келушілерге барлық жағдай жасау үшін  цифрлы формат бойынша қызмет көрсететін боламыз -деді Жұматова.

Биржа

Айта кетейік, АХҚО алты бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, капитал нарығын дамыту, ислам қаржыландыруы, қаржы технологиялары, жасыл қаржыландыру.

Ренат Бектұров
Фото: архив пресс-службы
Ренат Бектұров

Капитал нарығын дамыту бағытының аясында «Astana International Exchange» (AIX) құрылып, қор биржасының алаңында сауда-саттық жолға қойылды. «Астана» халықаралық биржасының қаржы директоры, басқарма мүшесі Ренат Бектұровтың айтуынша бір жылда ауқымды жұмыстар атқарылды және биржа әлемдік талапқа сай толық қалыптасты. 

-«Астана» халықаралық биржасының құрылғанына бір жылдан асты. Біз  2017 жылдың қарашасында ресми түрде құрылдық дейміз. Бір жыл ішінде біз әлемдік деңгейдегі қаржы қорын  құрып үлгердік. Оның ішінде әлемдегі инвесторларға таныс реттеу жүйесі және жаһандық деңгейдегі инфрақұрылым және біздің кәсіби делдалдарымызды ерекше атап  өтуге болады.  Осының нәтижесінде 2018 жылы биржа алаңындағы алғаш IPO-ға   «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ  акцияларын шығару мүмкін болды.  Нәтижесінде біз халықаралық инвесторлар тарапынан үлкен  қызығушылық байқадық және алып -сату деңгейі өте жоғары болды-дейді биржа қаржы директоры.   

Ренат Бектұровтың айтуынша 2018 жылдың сәуірінде бағалы металлдармен айналысатын әйгілі «Полиметалл» компаниясының AIX нарығына шығып, ресми тізімге қосылғаны айтулы оқиға болды.  Себебі, аталған компанияның акциялары қазірде Лондон, Мәскеу биржаларында   саудаланады. Бұл халықаралық эмитентердің  АХҚО биржасына деген қызығушылығын көрсетеді. 

- Сонымен қатар,  біз барлық жергілікті және бірнеше халықаралық брокерлерді, кастодиан банктерді өзіміздің жүйемізге қостық. Біздің биржамыз және орталық депозитариіміз бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Соның ішінде айта кететін болсақ, биржамыз Еуропа және Азия биржалары федерациясының мүшесі атанды. Ал біздің орталық депозитарий Еуропалық депозитарийлер  қауымдастығының мүшесі.  Тағы бір айта кетері Ұлыбританияның салықтық құзіретті органдары да біздің биржамызды мойындап отыр. Сонымен бірге,  биржада жоғарыдағы акциялдардан бөлек облигациялық құнды қағаздар бар, олардың ішінде қаржы министрлігінің алғаш еврода ұсынған еуробондтары енген,  2018 жылдан бастап олар да біздің тізімімізде.  «Қазақстан темір жолы»,  «Халық банкі» сынды компаниялардың корпоративтік құнды қағаздары да біздің тізімімізге кіріп отыр және олар барлық инвесторларға қолжетімді-деді биржа өкілі.  

Биржа қаржы директорының мәліметінше «Қазатомөндіріс» ҰАК АҚ акцияларын  IPO барысында  3000 жуық жеке инвестор сатып алды және осы жеке инвесторлар  IPO-дан бергі 4 жарым айдағы сауда-саттықтың 2/3 бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Жалпы қатысушылар жеке және институционалды инвесторлар болып табылады.  

- Біздің нарығымызда 56 млн.долларға акциялар сатылды. 4 айдың ішінде сауда-саттық деңгейі $16 млн-нан асты. Бұл бір жылдық сауда-саттық деңгейінен 50%  әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Ал «Полиметалл» жуырда ғана тіркелгендіктен сауда-сатық енді ғана басталуда-деді спикер.   

Сұхбат берушінің айтуынша қазірде  биржада 5 акционер бар.  Оның ең  ірісі әрі негізін қалаушы «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі және негізгі 3 компания.  Біріншісі әлемдегі 5 бірегей биржаның қатарына кіретін Шанхай қор биржасы. Олар Қытай инвестицияларын және осы нарыққа келетін қаржы институттарының келуін қамтамасыз етуде. Екіншісі  NASDAQ компаниясы,  бұл  биржаның технологиялық серіктесі және сауда-саттықтың бәрі сол компанияның жүйесі арқылы жүзеге асады.  

-Айта кету керек, бұл әлемдегі 70-80 нарықта қолданылатын бірегей бағдарлама.  Сонымен қатар, 2018 жылы тағы 2 акционер қосылды. Қаржы нарығында тәжірибесі бар ғаламдық банк- Goldman Sachs, ал бесінші  акционер халықаралық Жібек жолы қоры. «Бір белдеу- бір жол» жобасы аясындағы инвестицияларға  көзделген $60 млрд  қаржысы бар үлкен қор әрі маңызды акционер-дейді сұхбат беруші.   

FinTech хабы

«Астана»  халықаралық қаржы орталығында «FinTech»  хабы іске қосылғаны белгілі. АХҚО ФинТех хабының  цифрлы өнімдерді енгізу жөніндегі басшысы Әсел Байтасованың айтуынша орталық Қазақстандағы  қаржылық технологиялар саласын дамытумен айналысады. Саланың негізгі мақсаты жаңа технологиялар арқылы қаржы жүйесін жетілдіру және қаржы қызметтерін қолжетімді әрі түсінікті тілде тұтынушыға жеткізу.

Әсел Байтасова
Фото: архив пресс-службы
Әсел Байтасова

- Бүгінгі екі бағыт бойынша жұмыс атқарылуда. Стартап бағдарламаларын қолдау арқылы  финтех саласындағы адами капиталды арттыруды көздеп отырмыз. Осыған орай VISA компаниясымен бірге Visa Everywhere Initiative арнайы бағдарламасын дайындаудамыз. Қатысушылар мен үміткерлер 2019 жылдың  сәуір айынан бастап өз өтініштерін бере бастады. Онын ішінен 40-қа жуық стартап таңдалып, мамыр айының 23-24-де АХҚО Финтех хабына  өз жобаларын қорғау үшін жартылай финалға шақырылды. Жартылай финалда  21 стартап таңдалып, финалға өтті. Енді олар менторлармен бірге жұмыс істеп, шілде айында болатын финалға дайындалуда. Бұл стартаптар Visa және банк, сақтандыру немесе телекоммуникация  компанияларымен серіктестікте пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін алады -деді Байтасова.

Әсел Байтасованың айтуынша «FinTech»  хабы жастарды қолдаудан басқа қаржы жүйесіне өзіндік цифрлы шешімдерін енгізеді. Қазіргі кезде біріңғай қаржылық супермаркет платформасы жасалуда екен. Оның мәні -қаржы мекемелерінің ұсыныстарын біріктіретін платформа арқылы түпкі тұтынушымен байланыс орнату. Бұл кәдімгі «супермаркет» жұмысына жақын.

- Тұтынушылар осылайша сатып алынатын қызметке немесе  өнімге орай қаржы мекемелерінің тізімінен ең тиімдісін таңдап, мәмілені онлайн жүйе бойынша тез арада жасай алады.  2018 жылы жобаның концепциясы қаржы күндері аясында Орталық Азия елдеріне ұсынылған болатын. Қазір тестілеу жүріп жатыр. 2019 жылдың күзінде  цифрлы супермаркет жұмысын нарыққа шығару жоспарлануда-деді спикер.  

Жасыл қаржыландыру

Қазақстан, оның ішінде АIFC арнайы экономикалық аймағы жасыл қаржыландыруға басым бағыт беріп отыр. «Астана» ХҚО жасыл қаржы орталығының бас менеджері Айгүл Құсалиеваның айтуынша оның негізгі миссиясы- Қазақстандағы және өңірлерде жасыл қаржыландыруды дамыту.

Айгүл Құсалиева
Фото: архив пресс-служба
Айгүл Құсалиева

- Негізі жасыл қаржыландыру озық және әлемде кең ауқымда дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Шынын айтсақ, әлемде осы бағытқа қызығушылық уақыт өткен айын арту үстінде. Мәселен,  2010 жылдан бастап көміртекті экономикаға салынған қаржы көлемі $1 трлнға жеткен. Сонымен қатар, Қазақстанда жасыл экономикаға өту үшін қажет қаржы $30-40 млрд көлемінде болады. Ал, бұл қаржы біздің орталық арқылы тартылады.  Қазақстан оны жүзеге асыру үшін Еуропалық даму банкімен жасыл қаржы жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеген болатын-деді Құсалиева.  

Оның айтуныша 2018 жылы АХҚО қор биржасы (AIX) жасыл облигацияларды шығару бойынша ережелерді бекіткен болатын. Қазір бұл қаржы құралы  сынамалы болғандықтан, оны дамыту негізгі мақсат болып тұр. Осыған орай АХҚО  жанынан жасыл қаржы орталығы ашылған болатын және оның  мақсаты қатысушыларға қолдау көрсету, оның ішінде техникалық қолдау және кеңес беру болып табылады.  Жасыл облигацияларға қаржылай қолдау көрсетеді. Нарықта олардың құны $20-30 мыңға дейін жетеді. Бірақ, аймақта бұл нарық  әлі пісіп жетілмепті.

- Негізгі жобалардың қатарына көміртекті газдардың айналаға таралуын азайтатын жобаларды қосуға болады. Яғни,  күн энергиясы, жел энергиясы арқылы алынатын жобалар. Сонымен қатар, жергілікті органдардың, оның ішінде қаланың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалары жасыл қаржыға жатқызылады. Мысалы, көлікті газға өткізу, қалдықтарды реттеу сынды жобалар-деді бас менеджер. 

Айгүл Құсалиева жасыл қаржы орталығы 2019 жылдың мамырынан  бастап жасыл облигациялар нарығын жедел дамыту үшін  жаңа бағдарламаны қолға алды. Бұл жоба БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының  бастамасы негізінде жүргізіледі. Оның мақсаты –мемлекеттер мен үкіметтердің жасыл қаржыны дамытуға деген қабілеттілігін  арттыруына  ықпал ету болып табылады. Спикердің айтуынша бұл  бастаманы енгізу үшін алты мемлекет таңдалған болатын. Олар:  Қытай, Мексика, Үндістан, Нигерия, Моңғолия және Қазақстан. Бұл бағдарлама өз кезегінде Қазақстанда алғашқы жасыл облигацияларды шығаруды қамтамасыз ететін болады.

Фото: архив пресс-служба

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5978 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
15 сентября родились
Анастасия Новикова
главный редактор портала Forbes.kz
Булат Абилов
экс-председатель демократической партии "Азат"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить