AIFC: Astana International Exchange биржасы қалай жұмыс істейді

9556

«Астана» қаржы орталығындағы Nasdaq және Шанхай қор биржасының негізгі қызметі қандай

2018 жылдың 5-шілдесінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде іске қосылған болатын. «Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінде орналасқан арнайы экономикалық аймақ ағылшын құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейді және онда тәуелсіз ағылшын соты өз қызметін бастағаны белгілі. Қазіргі күні онда жұмыс істейтін шет елдік компанияларды тіркеу жалғасып жатыр және оларға «бір терезе» жүйесі бойынша қызмет көрсетіледі және қатысушылар салықтан босатылады.

Бұл елімізге инвестиция, инвесторларды тартуға, ішкі жалпы өнімді арттыруға ықпал етуі тиіс. Сонымен қатар, онда «Astana International Exchange» биржасы өз жұмысын бастады. Ал онда акционер болып кірген Nasdaq және Шанхай қор биржасысының негізгі қызметі қандай? Әлемдік деңгейдегі компаниялар Астана үшін, жалпы қаржы нарығына не береді? Forbes.kz осы және өзге де сауалдарға қатысты AIFC ұсынған деректер негізінде жауап береді.

Неге гонг?

2018 жылдың 3-5-ші шілдесі аралығында Астанада "Astana Finance Days» форумы өткені белгілі. «Самрұқ- Қазына» АҚ мен «Eurasian «Resourses Group» қолдауымен өткен конференцияның негізгі әрі айтулы оқиғасы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының және «Astana International Exchange» (AIX) биржасының ресми ашылуы болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты шараны гонг соғу арқылы ашқан болатын. Неге гонг? Оның биржаға қандай қатысы бар? Бұл сұрақтар көптің көкейінде туындағаны белгілі. Ендеше ең алдымен осы сауалдарға жауап беруге тырысайық.

Қаржы жүйесінің тарихына аздап шегініс жасайық. Әлемге әйгілі Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) өз жұмысын бастаған сәтте, яғни сауданың басталуы мен аяқталуы әдетте судьялар қолданатын балға дүрсілі арқылы белгіленетін. Ал, XIX басында балға соғу біржола тоқтатылып, бұл дәстүрді гонг алмастырды.

1903 жылы, яғни «NYSE» қор биржасы мекен- жайын 18B Board Street-ке ауыстырған кезде әлгі гонг жез қоңыраудың сыңғырына ауыстырылды және бұл белгі қазіргі дейін қолданылып келеді. Уақыт өтті, заман өзгерді. Араға жылдар салып, 80 жылдардың басында «Edwards Company» бұл дыбыстың тұпнұсқасын аудиоға басып, қолданысқа берді. Ал, 2018 жылдың шілдесінде Астананда соғылған гонгтың ерекшелігі неде? Неге қоңырау емес? Бұл жерде әлемдік биржа дәстүріне аздап өзгеріс енгізіліп, оған ұлттық нақыш енгізілгенін айта кету керек. Яғни, президент қазақтың ұрмалы аспаптар тобына жататын дабыл іспеттес белгіні қолданды. Себебі, оның дыбысы зор әрі ерекше, негізінен ертедегі жорықтарда, жаугершілік заманда және және аңшылықта көптен қолданылған дәстүрлі аспап.

Неге Nasdaq?

Дабылдың дәстүрі түсінікті, енді әйгілі американдық «Nasdaq» бізге қалай келді деген сауалға жауап берсек. «Астана» халықаралық қаржы орталығының ақпаратына сүйенсек, 2017 жылдың мамырында AIFC әкімшілігі IT-инфрақұрылымды бағдарламалармен қамтамасыз ету үшін «Nasdaq» компаниясымен келісімге қол қойған болатын. Дәлірек айтсақ, мәселе әлемдік деңгейде кеңінен қолданылатын «Nasdaq Matching Engine» биржалық платформасы турасында болып отыр. Ол өзінің керемет өнімділігімен, қолайлылығымен, кең функционалдығымен және бизнес- ортаның ағымдағы және болашақ талаптарына сәйкестігімен ерекшеленеді. Тағы бір айта кетері «Nasdaq Matching Engine» баға мен сапа стандартына жауап беретін компания ретінде белгілі.

Nasdaq және шанхай қор биржасы қалай акционер атанды?

 Айта кету керек, «Nasdaq» «Астана» халықаралық қаржы орталығы акционерлерінің бірі болып табылады және ол жалғыз емес. Себебі, AIFC биржаның инфрақұрылымын жалғыз жасақтап, жалғыз және өз алдына дамыта алмайды. Бұл үшін стратегиялық серіктестер, жоғарыдағы «Nasdaq» және Шанхай қор биржасы (SSE) қосымша тартылды. Әрине, олар жәй қатысушылар ғана емес, биржаның пакет акцияларында өз үлестері бар. Ең бастысы қос компанияның жобаға қатысуы ең алдымен сенім мен айрықша көрсеткіштің белгісі болып табылады.

 Егер «Nasdaq» технологиялық платформаны ұсынса, ал SSE болса биржаға технологиялық консалтинг бойынша қаржы өнімдерін әзірлеу және нарықты кеңейтуге қатысты стратегиялық әріптес ретінде көмектеседі. Шанхай қор биржасы мен «Astana International Exchange» (AIX) биржасының өзара ықпылдасуы Қытайдың өтімділгіне қол жеткізу үшін маңызды, дәлірек айтсақ көрші елде тысқары нарыққа шығу қатаң квоталанған. Сондықтан ең алымен SSE компаниясы қытайлық инвесторларға AIFC шеңберінде саудаланатын қаржы құралдарына және активтеріне инвестиция салуға мүмкіндік беретін, «Астана» қаржы орталығы үшін елдік квота бөлу мүмкіндігін зерттеді. Осы мақсатта AIFC шеңберінде есептеллетін валюталардың бірі - қытайлық юань болып белгіленді.

 Сонымкен қатар, «Astana Finance Days» форумы кезінде бірқатар құжаттарға, оның ішінде Жібек жолы қорының АХҚО-ның жаңа акционері екенін растайтын келісімге қол қойылды. Аталған ұйым «Бір белдеу, бір жол» жобасының операторы болып табылады және олар үшін қазақстандық инфрақұрылымдық инвестицияларға қол жеткізу әлдеқайда жеңілірек болмақ. Қор басшылары бұл кезде Қазақстанға $2 млрд инвестиция салуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеген еді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить