Сарапшылардың пікірінше, алдағы он екі айда инфляция 14,4%-ға өсуі мүмкін

17225

Жанар-жағармайдың және коммуналдық қызметтердің қымбаттауы мен бюджетті ынталандыру шаралары сарапшылардың инфляцияға қатысты үміттерін күшейте түсті

ФОТО: © Depositphotos/amixstudio

ҚҚҚ талдау орталығы 2023 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама қорытындысын жария етті.

Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірлері зерделеніп, келесідей индикаторлар бойынша респонденттердің жауаптары берілген:

  • Brent маркалы мұнайдың құны;
  • Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны;
  • Инфляция;
  • ЖІӨ;
  • ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі.

Түйін

Жылдық инфляцияның 2021 жылдан бері алғаш рет төмендеуіне қарамастан (21,3%-дан 18,1%-ға дейін), елімізде тұтыну бағасының индексіне қатысты болжамдар бір жыл өткенде бәрібір жоғары деңгейде қалып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы он екі айда инфляция 14,4%-ға өспек (бұрынғы болжам 14,3% болатын).

Олардың бұл болжамына бюджетті қосымша ынталандыру шаралары (шығыстар 1,5 трлн теңгеге ұлғайтылды) мен жанар-жағармай бағасының және коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі әсер етсе керек.

Айтпақшы, бұл жолы базалық мөлшерлеме бойынша Ұлттық Банк шешіміне қатысты интрига болған жоқ: сарапшылардың 71%-ы жылдық базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде сақталады деген пікір айтты.

Алайда, жоғарыда аталған факторларды ескерсек, Ұлттық Банк 2023 жылға арналған инфляция болжамын (9–12%) әлі де көтеріп, немесе оның жоғары шекарасына жақын шамада қайта қарауы мүмкін, деп есептейді сарапшы қауым.

2023 жылы инфляцияны екі есе төмендету үшін тұтынушылық баға индексінің өсуін наурыздағы 0,9%-дан (ақпанда – 1,3%, қаңтарда – 1,1% болатын) қалған сегіз айда, орташа есеппен алғанда 0,7%-ға дейін (әр айға шаққанда) баяулату қажет, деп отыр отандық сарапшылар.

Олардың пайымынша, сәуір айында ұлттық валютаны қолдауға ықпал етуі тиіс факторлар – мұнай бағасының күрт өсуі, Ұлттық қордан шетел валютасының көптеп сатылуы (үшінші ай қатарынан 500 млн-нан астам), квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан валюталық түсімдердің міндетті түрде сатылуы.  

Сауалнамаға қатысушылардың болжамынша, 2023 жылдың мамыр айының басында 1 АҚШ доллары 453,8 теңгені құрауы мүмкін (ағымдағы бағам 448,3 теңге), ал бір жылдан кейін 1 АҚШ доллары 474,2 теңгеге дейін өсуі ықтимал (ағымдағы бағамға+5,8%).

Сол сияқты, сарапшылардың пікірінше, шикізат жеткізуді реттеуге қатысты ОПЕК+ ұсынған шұғыл шаралар – рецессия қаупі аясындағы котировкалардың құлдырауына жол бермейді деуге негіз бар. Олардың болжамдарына сай, бір жылдан кейін мұнайдың бағасы бір баррельге 86,1 АҚШ доллары деңгейінде сақталуы мүмкін (ағымдағы баға: бір баррельге 84,6 АҚШ доллары), яғни ағымдағы мәнге жақын деңгейде.

Жалпылай алғанда, мұнайдың бағасы жоғары болып, мұнай өндіру ауқымы арта түседі деген болжамдар (ОПЕК+ келісімне қарамастан) ел экономикасының өсуіне қолдау көрсетуі тиіс.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы он екі айда елдің жалпы ішкі өнімінің өсуіне қатысты болжам 3,6% деңгейінде сақталмақ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить