Jusan Bank және тұрақты даму

20635

ESG мен Тұрақты дамудың маңызы туралы Jusan Bank басшысы Нұрдәулет Айдосов тарқатты

Нұрдәулет Айдосов
Нұрдәулет Айдосов
ФОТО: Жанарбек Аманкулов.

Қазақстанның жетекші банктерінің бірі Jusan БҰҰ Жаһандық келісімшартына қосылатын жыл сайынғы қаржылық емес есептілікті дайындау практикасына өтіп, халықаралық ESG рейтингін иелене келе, соңғы уақыттары тұрақты даму саласында айтарлықтай прогресс көрсетті. Мұның банкке не үшін қажет екенін Jusan Bank басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі Нұрдәулет Айдосов айтып берді.

Нұрдәулет Ғалымұлы, тұрақты дамуға қатысты мәселелерге Jusan Bank қалай мән береді? Олар Jusan Bank үшін стратегиялық тұрғыдан қаншалықты маңызды?

– Кез келген жауапкершілігі жоғары бизнес ретінде Jusan Bank те тұрақты дамуды корпоративтік философияның, оның ішінде ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау деңгейінің бөлінбес бөлшегі деп қарастырады. Біз өз клиенттеріміздің, акционерлеріміздің, іскерлік серіктестеріміздің, қызметкерлеріміздің, өңір тұрғындары және өзге де стейкхолдерлер алдындағы міндеттемемізді жақсы түсінеміз.

ESG-ді көзге ілмеу стратегиялық қателік болар еді. Өйткені ESG бизнестің сұраныста болуы мен тартымдылығына – реттеуші тәуекелдерден бастап климаттық қауіп-қатерге дейінгі аралықта, ұзақ мерзімді перспективада түрлі қаржылық емес тәуекелдерге  тап болу деңгейіне тікелей әсер етеді. ESG – бұл адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Қазір бүкіл әлем мүдделі тараптардың мүддесі мен қызығушылығы, сондай-ақ оларға бизнестің әсері іскерлік қызмет шеңберінде мұқият ескерілетін стейкхолдерлердің капитализміне қарай жылжып бара жатыр. Қазақстанда ESG аспектілері бірқатар тұжырымдамалар мен саясаттарға енгізілген, бұл мемлекеттің тұрақты даму проблемаларына назарының арта бастағанын және біртіндеп қатаң реттеуші ортаның қалыптасып жатқанын айғақтайды. Біз басқа дүниелермен қатар жақын келешекте тұрақты ESG және қаржылық реттеушінің банктерге климаттық стрес-тестілеу жүргізуін күтеміз.

Jusan Bank-тің ESG-ге бағдарлануы брендке деген сенімділікті арттырудан басқа, бизнеске қосымша тұрақтылық сыйлайды, оны стейкхолдерлердің әртүрлі санаттары үшін, соның ішінде клиенттер мен қызметкерлердің адалдығын арттыру тұрғысынан болжауға мүмкіндік береді. Мысалы, жас буынның өкілдері экология және әлеуметтік әділдікке көбірек мән береді. Сәйкесінше олар көп жағдайда ESG-ге бағдарланған компанияны таңдап, соның клиенті немесе қызметкері болуды қалайды.

Алайда ESG-трансформацияны банктер үшін түбегейлі жаңа бағыт деп айтуға болмайды. Jusan Bank құрылғалы бері әлеуметтік және экологиялық мәселелерге, корпоративті басқару тиімділігіне назар аударып келе жатыр. ESG-ді іске қосу осы бағыттағы процестерді жақсартуға және жүйелендіруге мүмкіндік берді. Jusan Bank-тің маңызды бенефициары – Қазақстанның жетекші білім беру мекемесі – Назарбаев университеті және Назарбаев Зияткерлік Мектебі екенін еске салып өтейін. Яғни, банк бастапқыда өзін соншалықты коммерциялық бизнес емес, әлеуметтік компания секілді танытты. Біздің ESG-трансформация – Jusan Bank бизнесінің қаржы-техникалық компаниясына сәтті трансформациясының бөлігі болып саналады.  Біз бизнестің болашағын терең талдау және болжау нәтижесінде ешқандай сыртқы «мәжбүрлеусіз» ESG-ге көшуге бастамашылық жасадық. Бұл – ұзақ мерзімге есептелген ұстамды шешім.

Біз ESG-ға көшу аясында корпоративті басқару реформасына және тәуекел-менеджментке көбірек көңіл бөлеміз. Онсыз әлеуметтік және экологиялық бағыт бойынша тиімді әрекет ету мүмкін емес. Негізінен, 2022 жылдан бастап банкте ESG бойынша Жұмыс тобы құрылған. Ол барлық бөлімдердің жұмысын үйлестіріп отырады. Сонымен қатар директорлар кеңесі және Басқарма деңгейіндегі мамандандырылған комитеттер құру жоспарланып отыр. Маңызды ESG саясаты қабылданды, оның ішінде Адам құқығы, алуан түрлілік және тең мүмкіндіктер cаясатын және Жауапты жеткізуші саясатын бөліп жара атаймын.

Қазір тұрақты даму саласында серіктестікті белсенді дамытуға көштік. Мәселен, Jusan Bank БҰҰ Жаһандық келісімшартына, сондай-ақ Ұлттық ESG-клубына қосылды. Біздің банк Қазақстан қаржы нарығы лидерлерінің бірі ретінде Қазақстанның стратегиялық даму басымдықтарын құрайтын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жауапкершілікпен қарайтынын атап өткім келеді. Біз оларды бизнестің қоғамның әл-ауқаты мен өркендеуіне іс жүзінде үлес қосуға мүмкіндік беретін бағдар ретінде қарастырамыз.

Сіздің басшылығыңызбен Jusan Bank халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық емес есептілікті дайындауға айырықша көңіл бөліп отыр. Бұл қаржы секторы үшін де оң үлгі болып саналады. Осы ретте бизнес үшін тұрақты даму саласындағы есептіліктің орындылығы туралы пікіріңізді білгіміз келеді.

– Менің көзқарасым бойынша, ESG философиясы, ең алдымен, мүдделі тараптар үшін түсінікті ережелер мен өлшемдер шеңберіндегі бизнестің ашықтығын және компания қызметін жоспарлау кезінде олардың мүдделерін ескеретіндей етіп білдіреді. Jusan Bank максималды ашықтықты көрсетуге ұмтылады. Сол себепті тұрақты даму турасындағы есепті «дәстүрлі» қаржылық есептілікпен бірге ашықтықтың, қызмет туралы стейкхолдерлерді ақпараттандырудың және банк құндылығының маңызды құралы ретінде қабылдау керек. Кез келген тілек білдіруші адам банк есебімен Қазақстан қор биржасының интернет-ресурсында және корпоративті Jusan Bank сайтында таныса алады.

Біз банкте өз еркімізбен қаржылық емес есептілікті іске қоса отырып, ақпаратты ашудың жаһандық мойындалған стандарттарын пайдалану қажеттілігіне бағдар жасадық. Бұл брендтің беделі және сайып келгенде, корпоративтік есеп берудің сенімділігі мәселесі. Мен стратегиялық маңызды құжат деп санайтын қаржылық емес есептілікті қалыптастырудың ерікті және таңдаулы принциптері мен тәсілдерін қолдану ашылатын ақпарат сапасы мен сұранысының төмендеуіне ғана емес, сонымен бірге компанияның стейкхолдерлерді адастыратын және өзі үшін ыңғайлы  ESG ақпараттарды «жарқырататын» «ESG-washing» тәуекеліне әкеледі деп есептеймін. ESG – PR құралы емес.

Біздің қаржылық емес ақпаратты ашып көрсетуіміз әлемдегі ең көп қолданылатын Global Reporting Initiative (GRI) стандарттарына негізделген. Олар ESG мәселелері бойынша Jusan Bank стейкхолдерлерімен тиімді коммуникация арналарын қалыптастыруға көмектеседі. Соның негізінде Jusan Bank биылғы біздің ESG прогресіміз көрініс тапқан екінші есептілікті де жариялап үлгерді. 2023 жылдан бастап GRI стандарттарының жаңартылған редакциясы жұмыс істейді. Біз оны соңғы есептілікті әзірлеу кезінде ескердік. Қаржы есептілігі, сондай-ақ банктің халықаралық ESG рейтингке қатысуы бизнесті жүйелеп, реттейді.

Қаржылық емес есептілік жария сипатқа ие және осылайша ашылатын ақпараттың мазмұны мен көлеміне қойылатын талаптардың жоғарылауын тудыратын «қоғамдық тексеруден» өтетінін атап өткім келеді. Стандартталған ESG есептілікті дайындау – компания ішіндегі жауапты және салмақты жұмыс. Сонымен қатар ол қызметкерлердің ESG құзыреттілігін арттыруды, бизнестің көптеген параметрлерін барабар талдауды, ақпараттық-статистикалық мәліметтер базасын құруды және белгілі бір құрылымдық өзгерістерді талап етеді. Мұның барлығын банк ұжымы қысқа мерзімде жүзеге асырды, бұл да қызметкерлердің озық және жауапты бизнес тәжірибесіне көшуге деген ынтасы мен қызығушылығынан хабар береді.

Алдағы уақытта біз қосымша халықаралық стандарттарды, соның ішінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің профилді ұсынымдарына сүйене отырып кеңейтілген жыл сайынғы қаржылық емес есептілікті дайындауды жоспарлап отырмыз. Негізінен, TCFD ұсынымдары негізінде климатты ашуға назар аударылады, біз олардың кейбірін 2022 жылға арналған тұрақты даму есебіне енгіздік.

Банктің халықаралық ESG рейтингке қатысуы туралы айтып қалдыңыз. Осы жайында кеңінен тарқатып берсеңіз.

– Jusan Bank өткен жылы желтоқсанда S&P Global CSA халықаралық рейтинг агенттігінен пилоттық ESG скорингті алды. ESG рейтинг Банктің қаржылық емес есептілігі сияқты ерікті және қоғамдық сипатқа ие. Біз мұны банк пен стейкхолдерлер мүддесіне сүйене отырып іске асырамыз. Қаржы реттеушісі немесе қор биржасы тарапынан ешқандай қысым болмайды.

ESG-трансформацияның қысқа мерзіміне қарамастан Jusan Bank-тің талданған 705 жаһандық банк арасында ортадан жоғары нәтижеге ие болып – 60 процентиль алып, тәуір нәтижеге қол жеткізгені қуантады. Ең алдымен, біз рейтингті өзін-өзі диагностикалау және оларды кейіннен азайту және жою үшін тұрақты даму саласындағы корпоративтік осалдықтарды анықтау үшін пайдаландық. Айта кетсек, біз 2022 жылға арналған тұрақты даму есебімізде рейтинг агенттігінің кейбір талаптарын ескеруге тырыстық. Меніңше, бұл ұсынылған ақпараттың толымдылығына және сапасына оң әсер етті. Біз ESG рейтингін жыл сайынғы негізде алғымыз келеді. Несие рейтингімен қатар, бұл банктің өзі де, біздің стейкхолдерлер де талап ететін сенімді және тәуелсіз бенчмаркты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Jusan Bank-тің 2022 жылғы есебімен таныса отырып, сіздер елімізде парниктік газдар эмиссияларын, оның ішінде Scope3 бойынша халықаралық стандарттар бойынша верификацияланған бағалауды алғашқылардың бірі болып жүзеге асырдыңыздар деген қорытындыға келіп отырмын. Мұның себебі неде?

– Климаттың өзгеруі ауқымды жаһандық қатердің біріне айналып отыр. Бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді перспективада тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму үшін қосымшы белгісіздік пен тәуекелдер тудыруда. Дамыған экономикаларда климаттық күн тәртібі жалпы бизнес үшін басымдыққа айналуын жалғастырып отыр. Климаттық міндеттемелер мен ақпараттарды, ең алдымен, TCFD нұсқауларына сәйкес ашу тәжірибесі кең таралған.

Бұл ретте мен банктердің капиталды жеткізушілер ретінде төмен көміртекті даму тенденцияларын анықтайтынын, яғни қарыз алушыларға қосымша талаптар қою немесе экономиканың климат тұрғысынан проблемалы секторларын қаржыландырудан бас тарту сияқты қадамдарды жасай алатынын байқап отырмын. Көптеген банктер климат өзгерісінің драйверлеріне айналды. Атап айтқанда, БҰҰ демеушілік ететін Парникті газдардың таза нөлдік шығарындылары бойынша банк альянсына қазір жиынтық активі 74 трлн долларға тең 130 қаржы институты қатысады.

Қазақстанда да төмен көміртекті даму және климаттық өзгеріспен күрес қарқын алып келе жатыр. Атап айтқанда, мемлекет деңгейінде 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді, ол экономиканың тұрақты қаржыландыруға, ең алдымен ұлттық жасыл таксономияға сәйкес келетін жобаларға қажеттіліктерін кеңейтеді. Климаттық есептілікті енгізу бойынша қаржы реттеушісі тарапынан банктерге қойылатын талап күшейеді деп күтіледі. Бұл тұрғыда нақты және ашық реттеу ережелері банктер мен бизнес үшін маңызды болатынын атап өтемін. Біз осының бәрін ескере отырып, стратегиялық жоспарлау процесінің бір бөлігі ретінде біз Jusan Bank-тің климат саласындағы тәуекелдері мен мүмкіндіктерін түсінеміз және алдын ала реттеу талаптарын күтпестен, климаттық тректі жеделдету қажеттілігі туралы шешім қабылдадық.

Біз жасыл қаржыландыруды бастамас бұрын, өзіміздің климаттық әсерімізді және оны қалай азайту керектігін нақты білуіміз керек. Сондықтан парниктік газ хаттамасының GHG Protocol халықаралық стандартына сәйкес шығарындыларды жыл сайынғы бағалау мен тексеруді бастадық. Бұл банкке шығарындыларды, соның ішінде бағалауды бастағымыз келетін қаржыландырылатын шығарындыларды азайту сценарийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Орта мерзімді климаттық стратегия дайындау жоспарымызда бар. Атап өткенімдей, Jusan Bank TCFD ұсынымдары сияқты халықаралық тәсілдерді алғышарт ете отырып климаттық ақпараттарды жария етуге тезірек кірісуді қалайды.

Мәселе тек Jusan Bank беделіне қатысты емес. Банктің қаржылық қолдауымен байланысты клиенттеріміздің төмен көміртекті тәжірибеге көшуі пайда болған климаттық мүмкіндіктерді практикалық қолданумен қатар, бизнестің өтпелі және физикалық климаттық тәуекелдерге қосымша тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл еліміздің болашақ экономикалық табысының шарттарының бірі ретінде бүкіл сектор үшін басымдыққа айналуы тиіс.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить