2023 жылғы 1 тоқсанда шоғырландырылған бюджеттің салық түсімдері 5,7 трлн теңгені құрады

20888

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21% - ға көп

ФОТО: cottonbro studio /pexels.com

2023 жылғы 1 тоқсанда шоғырландырылған бюджет (Мемлекеттік бюджет+Ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд. теңге, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде:

- Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд. теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд. теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд. теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 млрд. теңгеге өсті.

- Ұлттық қорға 1 197,1 млрд. теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд. теңгеге өсті.

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне келесі факторлар әсер етті.

2023 жылы 1 тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады.

Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы 1 тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті).

Сондай-ақ ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн.тенгеге немесе 27,7% өсті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube