Көтерме саудада жеке және шетелдік компаниялардың үлесі басым

44407

2022 жылдың қарашасында Қазақстанда көтерме сауда көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 3,7 трлн теңгені құрады: 2021 жылдың қарашасындағы жағдаймен салыстырғанда, құндық мәнде бұл 24,9% жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Ranking.kz кезекті зерттеуінде

ФОТО: © Depositphotos/andrei310

Сарапшы мамандардың айтуынша, әдетте, көтерме сауда бойынша ең жоғары көрсеткіштер желтоқсан айына дәл келеді. Мәселен, бұған дейін бір айдағы ең жоғары көрсеткіштер 2019 жыл (3,7 трлн теңге) мен 2021 жылдың (3,5 трлн теңге) желтоқсан айларында тіркелген.

Өз зерттеуінде сарапшылар, 2022 жылдың қарашасындағы көрсеткіштерге қарап, желтоқсанда да көтерме сауда деңгейі ауқымды болды деп топшылай аламыз дейді.

Жалпылай алғанда, 2022 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында көтерме сауда ауқымы 30,6 трлн теңгеге жеткен.

«Құндық мәнде, бұл 2021 жылдың сәйкес мерзіміне шаққанда 20,8% жоғары көрсеткіш. 2022 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында ішкі сауданың жалпы көлемінде көтерме сауданың үлесі 69,1%-ды құрады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 68,5% болатын)», - деп түсіндіреді Ranking.kz сарапшылары.

Олар, сондай-ақ көтерме сауда құрамында әдеттегідей азық-түлік емес өнімдер және өнеркәсіптік мақсаттағы тауарлар басым болғанын айтады.

«2022 жылдың он бір айындағы көрсеткіш 24,4 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығындағы көрсеткішке шаққанда 16,6% жоғары. Айта кету керек, азық-түлік өнімдерін сату көлемі бір жылда 40,7%-ды құрап, 6,2 трлн теңгеге дейін жетті», - дейді сарапшылар.

Зерттеуде көрсетілгендей, 2022 жылдың қаңтарынан қарашаға дейінгі кезең аралығында көтерме сауданың жалпы көлемінде жеке және шетелдік компаниялардың үлесі 99,7%-ды немесе 30,5 трлн теңгені құраған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сауда көлемі 19,7 трлн теңгені, шетелдік кәсіпорындардың үлесі 10,8 трлн теңгені құраған

Ал көтерме сауда көлеміндегі мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі бар болғаны 91 млрд теңгені көрсеткен.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube