Қазақстандықтар былтыр бөлшек сауда түрінде 15,8 трлн теңге жұмсаған

39866

Бұл 2021 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейінгі кезеңмен салыстырғанда 18% жоғары көрсеткіш

ФОТО: © Depositphotos/06photo

Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 15, 8 трлн теңгеге жеткен. Ақша түрінде алғанда, бұл 2021 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейінгі кезеңмен салыстырғанда 18% жоғары көрсеткіш.

Дегенмен, сарапшылардың дерегінше, ішкі сауданың жалпы көлеміндегі бөлшек сауда үлесі бір жылда ептеп төмендеген: 2021 жылғы 31,7%-дан 2022 жылы 31,1%-ға дейін.

Сарапшылардың айтуынша, 2022 жылы бөлшек сауда көлемінің үштен бірі Алматы қаласында жүзеге асқан – 5,1 трлн теңге көлемінде (алдыңғы жылмен салыстырғандағы нақты өсім 5,2%). Одан кейін Астана қаласы (2 трлн теңгедей: +10,1%) және Қарағанды облысы (1,3 трлн теңге: +3,7%) тұр.

Сауда орындарында былтыр жүзеге асқан бөлшек сауда құрылымы туралы сарапшы қауым былай деп көрсетеді: «2022 жылы бөлшек сауда көлемінің үштен бірі азық-түлік емес өнімдерге сай келді: 10,1 трлн теңге, ақша түрінде бұл 2021 жылмен салыстырғанда бірден 21%-ға жоғары көрсеткіш. Азық-түлік өнімдері бойынша алғанда, ақшалай көрсеткіш 5,6 трлн теңгеге дейін, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,8%-ға өскен, алайда нақты мәнде алғанда 5,4% шамасында төмендеу байқалды».

Finprom.kz өз дерегінде, соңғы бес жылда республика бойынша алғанда бөлшек сауда құрылымындағы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі, орташа есеппен алғанда, «61,7%-дан 66,6%-ға дейінгі аралықта қалып отыр» деп мәлімдейді.

Сарапшылардың айтуынша, 2022 жылдың он екі айындағы көрсеткіштерді өңірлер аясында талдап қарағанда, бөлшек сауда құрамындағы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі Ақмола облысындағы 51,3%-дан, Абай облысындағы 78,7%-ға дейінгі аралықта өзгеріп отырғанын байқауға болады. Сол сияқты, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында да бөлшек сауда үлесі біршама жоғары болған: сәйкесінше 77,2% және 71%.

Меншік нысандары бойынша қарастырғанда, бөлшек саудамен айналысқан субъектілер арасында жеке кәсіпорындардың үлесі жоғары шыққан: олар 13,7 трлн теңгенің саудасын жүзеге асырған, бұл 2021 жылдың он екі айымен салыстырғанда, құндық мәнде 15,8% жоғары көрсеткіш. Ал шетелдік кәсіпорындардың үлесі 2,1 трлн теңге. Бұл тұрғыда сарапшылар, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 34,8% деп отыр.

Кәсіпорындардың көлемі бойынша алып қарасақ, бөлшек саудадағы ең жоғары көрсеткіштер шағын компаниялардың еншісінде деуге болады: 10,1 трлн теңге (жылдық өсім 13%). Одан кейінгі орында ірі компаниялар (3,9 трлн теңге: +29,6%) және көлемі бойынша орта компаниялар (1,8 трлн теңге: +24,3%) тұр.

«2021 жылдың он екі айымен салыстырғанда, 2022 жылдың қаңтары мен желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 13,5%-ға өскені белгілі болды. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш», - дейді өз зерттеуінде Finprom.kz.

Айтқандай, осы кезеңде азық-түлік өнімдері бағасының өсуі бірден 19,3%-ды құраған. «Бұл рекордтық деңгей», - деп мәлімдейді сарапшы қауым.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить