Алматыда қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды

23404

Соның салдарынан компаниямен 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген

ФОТО: © Depositphotos/MaxZolotukhin

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді. Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Amazon» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.

Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген.

Соның салдарынан компаниямен 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген.

Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.

Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить