Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін не күтіп тұр?

2267

БҰҰ-ның елдік командасының осы жылы сәуірде Қазақстанда өткізген БҰҰ Жаһандық келісім кездесуінде «Самұрық-­Энер-го» АҚ басқарма төрағасы көмір станциялары туралы айтқанда «лас энергетика» деген тіркестен бас тартып, оның орнына «базалық энергетика» деген термин қолдануды ұсынды.

Қазақстанның электр энергиясының 80%-ы әлі де жылу электр станцияларында өндіріліп жатқан кезде, ұлттық энергетикалық компанияның басшысы өзекті болатын таза энергия туралы емес, базалық энергетика туралы айтуға мәжбүр. Бірақ сөздерді қанша алмастырғанымызбен де, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі әлсіз екенін және әлемдегі қазіргі тенденцияларға сай келмейтінін мойындауға мәжбүрміз.

Қазақстандағы таза энергияның үлесі келесідегідей: Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі Электрэнергетикалық саласының даму тұжырымдамасына сәйкес ел-дегі барлық электр энергиясының өндірілуінен күн электрстанциясына 1%, жел электрстанциясына — 2%, су электр станциясына — 8% және газтурбинді станцияға — 9% тиесілі.

Егер энергия жүйесі шетелдік энергия көздеріне бағынышты болмаса, мемлекет энергиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген деуге болады. Ол елдің экономикалық, әлеуметтік дамуы үшін үздіксіз жұмыс істейтін әртараптандырылған, қолжетімді, энергетикалық жағынан нәтижелі, тұрақты және сенімді энергия көздерінен тұрады әрі төтенше жағдай кезіндегі ақауларды өз бетінше еңсере алады.

Әлемдегі энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бүгінде климаттың өзгеруімен және елдің тұрақты әлеуметтік-­экономикалық дамуымен тығыз байланысты.

Жылу және электр энергиясының негізгі көзі көмір станциялары болғанына қарамастан, өкінішке қарай, олар сенімді, нәтижелі, тіптен қолжетімді ресурс деп саналмайды. Оның дәлелі ретінде қыста Қазақстанда болған инфрақұрылымдық апаттарды айтуға болады. Қазақстандықтардың көпшілігі сол кезде өзінің жеке қауіпсіздігі жайлы ойланып, елдің энергетикалық қауіпсіздігі бойынша сұрақтарын жалпы үкіметке жолдаған еді.

Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің әлсіз болуы 2000 МВт көлеміндегі қолжетімді резервтің тапшылығымен түсіндіруге болады. Елдің Бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі қолжетімді резерв 500 МВт, ал негізгі қажетті резерв 2500 МВт-тан кем болмауы керек.

Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі тікелей елдегі су тапшылығымен де байланысты. Қазақстанның трансшекаралық өзендерге тәуелділік коэффициенті 46%-ды құрайды. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай жылына 90 м3‑ден 76 м3‑ге дейін азаяды. Бұл дегеніміз сегіз жылдан кейін-ақ елдегі су тапшылығы жылына 12–15 м3, яғни шамамен 15%-ды құрайды.

Жылу электр станциясы мен атом станцияларындағы электр энергиясын өндірудің технологиясы жылу алмасу және суыту үшін суды үлкен көлемде пайдаланумен байланысты. Қазақстандағы болжамды су тапшылығын ескерсек, бізге электр энергиясын өндіру кезінде суды пайдалануды оңтайландыру үшін технологиялық шешімдер керек.

Технологияларға инвестиция құймай жатып, елдегі ескі жылу электр станциялары мен беруші компаниялардың ескі мәселелерін шешеміз деп электр және жылу қуатына тарифті көтере салу — Қазақстандағы инфрақұрылымдық дағдарыстан шығудың дұрыс жолы емес.

Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі энергетикалық активтер 70–90% тозған жағдайда (өндіруші, беруші және қосымша құрылғылар), жаңа технологиямен жаңа станциялар салудың орнына ескі жылу электр станцияларының қуатын қалпына келтіріп, ескі технологияны жаңартқаны үшін халықты төлеуге мәжбүр ету дұрыс емес болар еді.

Соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтар ескі технологиялық шешімдер үшін екінші рет төлейін деп тұр. Сондықтан бұл жолы қысқа мерзімді ғана емес, ұзақ мерзімге дейін елдің энергетикалық қауіпсіздігін және тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін сапалы басқа тариф ұсыну маңызды.

Қазақстандықтарға қазіргі 19 500 МВт және резервтегі 2000 МВт өндірісі үшін технологиялық шешімдерді өзгертетін кешенді бағдарлама керек. Олар күл қалдығын, СО2 шығарылуын әлдеқайда азайтып, қуат тиімділігін арттыратын, суды дұрыс пайдаланып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын тұрақты және тиімді энергия көздерін құруды қамтамасыз етеді.

Елдегі энергетикалық қауіпсіздіктің негізгі факторы — энергия көздерін әртараптандыру. Қазақстанның энергетика жүйесінің 80%-ның тек бір ғана ресурс — көмірге тәуелді болуы оны тұрақсыз және сенімсіз етеді. Электр қуатының негізгі көзі ретінде атом станциясын салатын болсақ, энергетика жүйесі тура сондай тұрақсыз және сенімсіз болады.

Өкінішке қарай, Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі барлық талаптарға сай емес екендігін, әлсіз және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын мойындауға мәжбүрміз. Дәл қазір келесі сұрақтарды шешу үшін күрделі шешім қабылдайтын уақыт келді:

  • энергетикалық тиімділік, сенімділік, қолжетімділік және тазалық талаптарына сай болу үшін қазіргі 19 500 МВт және резервтегі 2 000 Мвт өндірісінің құрылысы қандай болу керек?
  • елдің энергетикалық матрицасының негізінде қандай жаңа технологиялар болады және мемлекеттік бағдарламаны қолдау үшін қандай технологиялар керек?
  • өздерінің тозған активтерін жаңалап, жөндеу жұмысын жүргізу үшін міндетті түрде тарифті көтеру керек дейтін, бірақ электр және жылу энергиясы үшін ескірген, тиімсіз «лас» технологиялар пайдаланатын компания иелерімен не істеу қажет?

Бұл жерде олардың негізгі аргументі осы активтерге инвестиция салғаны және өз капиталын қалай қайтарып алатыны болатыны түсінікті.

Үкімет табандылық танытып, әрбір өндіруші және берілетін актив бойынша жеке келіссөздерге дайын болғаны дұрыс, атап айтқанда:

  • активтердің техникалық жағдайына тәуелсіз аудит жүргізу;
  • өндіруші және берілетін активтер энергиялық тиімділік, сенімділік, қолжетімділік талаптарына сай болу үшін жаңаландыру құнын анықтау;
  • өндіруші және берілетін активтер энергиялық тиімділік, сенімділік, қолжетімділік, тазалық талаптарына сай болу үшін соңғы он жылда компанияларға қанша инвестиция салынды және нормативтік көрсеткіштерден айырмашылық қандай?
  • жалпы алғанда, әр саладағы әрбір активтің технологиялық шешімі үшін жоспар дайындау.

Елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізгі бенефициары және басты төлем жасаушысы — Қазақстан халқы. Олар салық немесе тарифтер арқылы саланы қаражатпен қамтамасыз етеді. Сондықтан егер ақшамыз электр және жылу қуатының өндірісінің энергиялық тиімділігін, сенімділігін, қолжетімділігі мен тазалығын қамтамасыз ететін жаңа технологияларға жұмсалғанда ғана біз тарифті көтеруге келісуіміз керек.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить