Қазақстанда ашаршылық туралы жаңа фильм түсіріліп бітті

2037

 Ардақ Әмірқұлов жаңа фильмін көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы.

Белгілі қазақстандық режиссер Ардақ Әмірқұлов («Отырардың күйреуі», «Қош, Гүлсары!») «Жел тоқтаған жер» атты жаңа фильмін көрермен назарына ұсынуға дайындалып жатыр.

Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.

Сюжет Жұпар есімді жас әйелдің тағдырына негізделген. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында екі кішкентай баланың анасы жалған айыппен Сібірге жер аударылған күйеуін іздеп жолға шығады.

Саяхат барысында Жұпар түрлі қиындық пен сынақтан өтіп, жол бойында Қазақстанның шексіз даласында ашаршылықтан өлуге қалған адамдарды кездестіреді.

Фильмнің түсірілім жұмыстары өткен жылдың күзінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында, Қосқұдық теміржол станциясында және Қонаев қаласының маңында өтті.

photo
photo

Басты рөлдерді Жанар Шопанова, Салих Бейсенбай, Мейіржан Мұсақожа және басқалар сомдап шықты.

Жобаның сценарий авторлары мен режиссерлері - Ардақ Әмірқұлов пен Бағлан Құдайберлиев.

Әмірқұловтың айтуынша, фильм көпшілік көрерменге арналған, өйткені картина баяндайтын трагедияны іс жүзінде қазақтың әр отбасы бастан кешкен.

Фильм ақ-қара форматта түсірілген.

«Ақ-қара формат сол жылдардағы атмосфераны сезіндіру үшін таңдалды, ол көрерменді деректі шежіреге бағыттайды», - дейді режиссер.

Қазіргі уақытта фильмді монтаждау жұмысы жүріп жатыр.

Картинаны прокатқа шығару осы жылдың күзіне жоспарланған. Сондай-ақ, фильм авторлары халықаралық кинофестивальдерге де қатысу ойда бар дейді.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить