Биыл Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында төрт жоба іске қосылады

15721

Биыл Жетісу облысында жаңартылған энергия көздерін дамыту бағытында құны 21,6 млрд теңге болатын 4 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Олар Көксу, Ескелді және Сарқан аудандарында іске асырылады, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, аймақ көлемінде электр энергиясының белгіленген қуаты 234,5 МВт, яғни жаңартылған энергия көздерінен – 210,5 МВт, Текелі қаласының ЖЭО – 24 МВт.

Мәселен, өткен жылы электр энергиясын тұтыну 1,9 млрд кВт∙сағатты құраса, соның ішінде электр энергиясының жергілікті өндірісі – 630,5 млн кВт∙сағ болған, ал 1,3 млрд кВт∙сағат басқалардан сатып алынды. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінен өндірген электр энергиясының көлемі 472,6 млн кВт∙сағ немесе өз өндірісіміздің 75% үлесін құрайды.

«Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. Олар Ақсу, Ескелді, Сарқан, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында орналасқан. Сол сияқты биыл осы бағыттағы төрт жобаны аяқтау көзделіп отыр. Атап айтқанда, Көксу ауданында 7 МВт-тық бір ГЭС , Ескелді ауданында қуаты 26 МВт бір ГЭС және Сарқан ауданында жалпы қуаты 13,1 МВт екі ГЭС салынуда. Олардың белгіленген қуаты 46,1 МВт, жалпы құны 21,6 млрд. теңге», – делінген басқарманың хабарламасында.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить