Түркістанда құны 8 миллиард теңге болатын құс фабрикасы салынады

Түркістан облысында құс етін және жұмыртқа өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Қазақстандық инвестор жобаға 8 млрд теңге инвестициялауға дайын, деп хабарлайды ҚХА ақпараттық агенттігі .

Түркістан облысы әкімдігінде айтылғандай, жобаны «ERNUR» ЖШС жүзеге асыруда. Кәсіпкер құрылысты өз қаражатына жүргізеді. Зауыт құрылысы 2024 жылы басталады.

Мекемеде қуаттылығы жылына 200 миллион дана жұмыртқа өндіруді жолға қою, сондай-ақ жем-шөп өндіру жоспарланып отырғаны хабарланды. Құс фабрикасы 600 мың басқа есептелген. Жобаның жалпы инвестициялық құны 8 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта оны жүзеге асыру басталып та кетті. Инвестор құны 1,5 млрд теңгеге сағатына 20 мың кг жем шығаратын түрік техникасын сатып алды. 100 гектар жер телімі рәсімделуде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте