Алматыға ең көп турист Үндістаннан, Италиядан, Қытайдан келеді

Өткен жылы Алматы қаласына саяхаттаған туристер саны 12,6% өсіп, 2 млн адамнан асты. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Үкімет отырысында баяндады.

«Шетелдік туристер саны 30% дейін өсіп, 540 мың адамға жетті. Бұл көсреткіштер пандемияға дейінгі деңгейге қарағанда 24,1% дейін жоғары. Өткен жылы Алматыда туристік ағынның ең көп өсуі Үндістаннан, Италиядан, Оңтүстік Кореядан, Қытай, Ұлыбритания және АҚШ-тан байқалды», - деді Алматы әкімі.

Ішкі туристер саны 7,6% өсіп, 1,4 млн адам болды. Бұл оң динамика туризм саласына салынған инвестициялардың 47,7% - 106,4 млрд теңгеге дейін және салық түсімдерінің 64% - 71,8 млрд теңгеге дейін өсуімен қатар жүрді. Сондай-ақ, туристік салада жұмыспен қамтылғандар саны 10% өсіп, 81 мыңнан астам адамға жетті.

Туристік ағынның өсуі 2024 жылы да жалғасып жатыр. Mastercard мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға келетін шетелдік жолаушылар 30% артуы мүмкін.

«Әуе компаниялары ұшу жиілігі мен ұшақ сыйымдылығын арттырып жатыр. 2024 жылы бес жаңа бағыт ашылып, 14 наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасы іске қосылды. Бүгінгі таңда мегаполис әлемнің 41 қаласымен тікелей әуе қатынасын орнатқан», - деді Е.Досаев.

2024 жылдың маусым айында Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар ағынын 14 млн адамға дейін ұлғайтатын жаңа терминалы ашылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Алматы әуежайында жолаушылар ағыны 11 млн адамға дейін асады деп жоспарланған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте