Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын
![](/static/img/plug.webp)
Көлік министрі Марат Қарабаев ел өңірлеріне жұмыс сапары аясында Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі аяқталғаннан кейін жаңа терминалдар халық игілігіне пайдалануға беріледі.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-19/93e949e4-0076-4832-bece-3a85a204062b.webp)
Жаңа жолаушылар терминалдары жеке инвестициялар есебінен салынып жатыр.
Мәселен, Шымкент қаласы әуежайы жаңа терминалының қызмет көрсету аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Ал өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 миллион жолаушыға дейін ұлғаймақ. Мұнда багажды тіркеу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, телескопиялық траптар және т.б. қызмет түрлері қарастырылған.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-19/982a99fd-750b-42fc-af76-36c1d64de780.webp)
Қызылорда әуежайы жаңа терминалының жалпы ауданы 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Терминал қолданысқа тапсырылған соң өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 2 миллион жолаушыға дейін артады. Жаңа жолаушылар терминалы сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес. Бұл халықаралық рейстердің ашылуына ықпал етпек.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-05-19/211b8d7a-b776-4236-afcc-67efe159c95d.webp)
Сонымен қатар, ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент қаласындағы индустриялық аймақ аумағында орналасқан сауда-логистикалық орталығына барды. Бұл нысан “А+” классындағы кез-келген жүкті сақтауға мүмкіндік беретін заманауи қойма.