Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-09/02de2bae-849e-479b-ab61-b188bc3c7313.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті, Ақорда деп хабарлайды.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-09/f0a9c2d9-e888-4115-a21a-f14e2ef242aa.webp)
«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-09/b828204a-742c-4cc9-98cb-6a5f2638b513.webp)
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде Еуроодақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы.
![Қасым-Жомарт Тоқаев және Шарль Мишель Қасым-Жомарт Тоқаев және Шарль Мишель](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-09/d8faf672-8224-40da-b9be-2714af1954da.webp)
Өз кезегінде Шарль Мишель Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ олар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.