Банк жүйесіндегі депозиттер 10 айда 3 трлн теңгеге өсіп
![Жандос Шаймарданов Жандос Шаймарданов](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-11/b403066e-96c6-42b8-8a77-facf724682b2.webp)
Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы 10 айда 15,3%-ға немесе 2,916 трлн теңгеге өсіп, 21,938 трлн теңге болды, оның ішінде теңгелік салымдар – 20,0%-ға немесе 2,160 трлн теңгеге өсіп, 12,980 трлн теңгеге жетті.
Валюталық салымдар мейлінше қалыпты қарқынмен – 9,2%-ға немесе 756,1 млрд теңгеге, осы жылғы қазанның соңындағы 8,957 трлн теңгеге дейін өсті. Валюталық депозиттерді бағамдық қайта бағалау жиынтық депозиттердің өсуіне (қазанның соңында өсудің 15,3%-нан немесе үштен бір бөлігінен астамы 5,4 п.т.) елеулі үлес қосып отыр.
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-11/2d1d8a83-a7b5-45c5-929b-be729a3d18a6.webp)
Депозиттердің долларлануы жылдың басынан бастап 43,1%-дан осы жылғы қазандағы 40,8%-ға дейін, оның ішінде корпоративтік сектор депозиттерінің долларлануы 44,8%-дан 40,7%-ға дейін, бөлшек сектор бойынша 41,3%-дан 40,9%-ға дейін төмендеді.
Жандос Шаймарданов, ҚҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры
Ұлттық банктің баспасөз қызметі