Ағымдағы жылдың наурызы мен сәуірінде елімізден $671 мыңды қолма-қол алып өтпекші болған
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-10/3f054c51-b48e-46d3-98da-23c6693f5483.webp)
Мемлекеттік кірістер комитетімен 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671000 АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақша қаражатын заңсыз өткізудің 40 фактісін анықтады.
Барлық тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
![Салық жоспары 110%-ға орындалды](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-10/ad36eeb1-4dc5-4e3c-bd61-a054d5d97b89.webp)
Салық жоспары 110%-ға орындалды
2022 жылдың алғашқы төрт айында мемлекеттік бюджетке 4 917,2 млрд теңге сал... →
Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған. Барлық орын алған жағдайлар Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелді.
«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан:
- 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынғанын еске саламыз», - деп атап өтті МКК-де.
Мемлекеттік кірістер комитетінде шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау қажет екенін еске салды.