Алматыда қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды
![](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-09/c376a9b5-d8fe-4e2d-8d5d-cb0e9360a1c4.webp)
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді. Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
![Отандық криптоиндустрия нарығы: майнерлерге салынатын салық ұлғаюы ықтимал](https://img.forbes.kz/forbes-photobank/media/2024-06-09/31ba7d3c-0f1d-4b03-80c6-9003f0a40e8c.webp)
Отандық криптоиндустрия нарығы: майнерлерге салынатын салық ұлғаюы ықтимал
Қазақстан хешрейт (ағылш. hashrate) бойынша әлемдегі жетекші позициясынан а... →
«Amazon» (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.
Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген.
Соның салдарынан компаниямен 6 млрд теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген.
Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.
Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне жаза (6 жылдан 7 жылға дейін) тағайындаумен кінәлі деп танылды.