Қазақстанда алғашқы құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды

«IL TOV» ЖШС еліміздегі құс етінің жартылай фабрикаттарын шығаратын алғашқы зауыттың құрылысына 3 млрд теңге инвестициялады. Жоба Ақмола облысында жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚХА ақпараттық агенттігі .

«Құны 3 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба Қазақстан мен Орталық Азиядағы құс етінің жартылай фабрикаттарын дайындайтын жалғыз кәсіпорын», - деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Зауыт жартылай фабрикаттардың алғашқы партиясын бірнеше ай бұрын шығара бастады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 3 мың тоннадан астам дайын өнімді құрайды. Өндірістік желіде Германия мен Испанияның заманауи жоғары технологиялық жабдықтары қолданылады. Зауытта 80 адам жұмыс істейді, алғашқы өндірістік желіге 90-ға дейін адам қабылдануда.

Зауыт директоры Сәния Омарованың айтуынша, шикізатты Макинск құс фабрикасы, дәмдеуіштер мен Қазақстанда жасалған қаптамалар береді.

«Біздің зауыт – мемлекет қолдауымен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба, ол жергілікті өнімді өндіруге, жергілікті қамтуды арттыруға және осы сегменттегі импорттың айтарлықтай үлесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Біздің компания Мемлекет басшысының импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасын орындап жатыр деп айта аламыз», - деді С.Омарова.

Дайын өнім негізінен Қазақстанның ірі қалаларында сатылады, ал болашақта Ақмоланың жартылай фабрикаттары көршілес елдер – Өзбекстан мен Ресейге экспортталатын болады.

Өңір басшысы кәсіпорынның жұмысына оң баға берді.

«Бұл Қосшы қаласында шығарылған алғашқы өнім. Жаңа піскен және сапалы жартылай фабрикаттар жақын болашақта Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс», - деді М.Ахметжанов.

Жақын арада IL TOV компаниясы тағы екі желіні орнатып, 10-12 мың тонна өндірістік қуаттылыққа жетуді жоспарлап отыр;

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте